Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылдың 15 сәуіріндегі № 24-253/V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
25.10.2019
Өзгерту күні
11.10.2019
Актіні қабылдаған орган
Үржар ауданының мәслихаты

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылдың 15 сәуіріндегі № 24-253/V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3325 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 03 маусымында "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде және "Уақыт тынысы" газетінің 2014 жылдың 05 маусымында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының "2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмектің мөлшерлерін және жан басына шаққандағы орташа табыстың шегін белгілеу тәртібі" бөлімінде:

      7 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      7-1 тармақтың 14) тармақшасы алынып тасталсын;

      8 тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

      10 тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан:".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Саматеев
      Үржар аудандық
      мәслихаттың хатшысы К. Карашев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.