Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 наурызындағы № 41-498/V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Толықтыру
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
25.10.2019
Өзгерту күні
11.10.2019
Актіні қабылдаған орган
Үржар ауданының мәслихаты

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 наурызындағы № 41-498/V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4457 нөмірімен тіркелген, 2016 жылдың 04 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 15 сәуірінде 2016 жылы жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшаның 2 және 3 тармақтары, осы шешімнің қосымшасының 2 және 3 тармақтарына сәйкес жана редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Саматеев
      Үржар аудандық
      мәслихатының хатшысы К. Карашев

  Үржар аудандық мәслихатының
2019 жылғы 11 қазанындағы
№ № 45-501/VI шешіміне
қосымша

Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін реттеу

      1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      2. Митингiлер және жиналыстар өткізілетін орындар:

      1) Үржар селосы, аудандық мәдениет үйінің (Абылайхан даңғылы 128) жанындағы "Тәуелсіздік" алаңы;

      2) Үржар селосы, "Болашақ" саябағы.

      3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді:

      1) Үржар селосы Қ. Игенбаев көшесі – Абылайхан даңғылы – Абай көшесінің қиылыстарынан, Абылайхан даңғылы бойымен аудандық мәдениет үйінің орталық кіре берісіне дейін;

      2) Үржар селосы, Қ. Игенбаев – Жамбыл, Жамбыл - Старокожева көшелерінің қиылыстарынан, Старокожева көшесінің бойымен "Болашақ" саябағына дейін.

      4. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонст-рацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.

      5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

      3) ауданның жергiлiктi атқарушы органмен келісусіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;

      5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

      6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

      7) егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілердің басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса;

      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін пайдалануға; қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқықбұзушылыққа шақыратын транспоранттар, ұрандар, басқа да материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ, көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.

      7. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізілуі тиіс.

      8. Пикет өткізу кезінде:

      1) пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;

      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

      3) қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша ұрандар айтуға рұқсат етіледі.

      9. Пикетті тұрпатын өзгерту/өзге түрде жалғастыру үшін митинг/жиналыс/шеру жергілікті атқарушы органның белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.

      10. Бұқаралық шараларды темiр жол су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.

      11. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, оларды өткiзу тәртiбі бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ауданның жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талап етуi бойынша тоқтатылады.

      12. Ауданның жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары тарапынан жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату бойынша қажеттi шаралар қабылданады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.