Қаратөбе ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
09.09.2019
Өзгерту күні
09.09.2019
Актіні қабылдаған орган
Қаратөбе ауданының әкімдігі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Қаратөбе ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаратөбе ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін.

      2. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 46 "Қаратөбе ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4797 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 25 мамырда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы (К.Хитаров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Асантаев

  Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 103 қаулысына
қосымша

Қаратөбе ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

67

2

1

2

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Қаратөбе мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

105

3

3

3

"Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

62

2

1

4

"Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Аққозы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

56

2

1

5

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

61

2

1

6

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Қалдығайты жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

76

2

1

7

"Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

78

2

1

8

"Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

63

2

1

9

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының білім бөлімінің "Соналы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2

1

10

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Үшағаш негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52

2

1

11

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

118

3

3

12

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Б.Қаратаев атындағы Саралжын жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

73

2

1

13

"Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

50

2

1

14

"Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

112

3

3

15

Батыс Қазақстан обысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қаратөбе аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

259

4

10


Барлығы

1283

-

30


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.