Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттығына кандидаттың және мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының оған қоятын талаптарына сәйкестігін анықтау тәртібі туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
14.07.1999
Өзгерту күні
07.07.2004
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚР Орталықсайлаукомы

      Қазақстан Республикасы  Конституциясының  51-бабының 4-тармағына, 86-бабының 3-тармағына,  "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"  Конституциялық заңның 4-бабының 4-тармағына, 73, 89, 104-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттығына кандидаттың және мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының оған қоятын талаптарына сәйкестігі тиісті округтік (облыстық, Астана немесе Алматы қалалық) сайлау комиссиясының мәжілісінде мынадай тәртіппен анықталсын: 
      1) кандидат ұсынған Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігінің (түпнұсқасы дереу қайтарылады) негізінде тумысынан Қазақстан Республикасының азаматтығы және қажетті жасы; 
      2) тиісті облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумағында кемінде үш жыл тұру фактісі, Сенат депутаттары үшін жоғары білімі және бес жыл жұмыс стажы - облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиясының сұрауы бойынша алынған тиісті құжаттардың негізінде жоғары білімі туралы диплом, еңбек кітапшасының көшірмесі немесе кандидат ұсынған жұмыс орнынан алынған анықтама (түпнұсқалар дереу қайтарылады); 
      3) окгрутік, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиясының сұрауымен облыстық, Астана және Алматы қалалық прокуратурадан, облыстық, Астана және Алматы қалалық ішкі істер басқармасынан алынған мәліметтер бойынша тіркеу алдындағы бір жыл ішінде қасақана құқық бұзғаны үшін сыбайлас жемқорлық жасағаны үшiн тәртіптiк жазалары сот тәртібімен әкімшілік жазаға тартылмағандығы, толық өтелмеген немесе алынып тасталмаған соттылығы жоқтығы;<*> 
       Ескерту: 1 тармақтың 3) тармақшасы өзгертілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2000 жылғы 10 тамыздағы N 7/7   қаулысымен .
      4) округтік, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиясының сұрауымен кандидаттың жұмыс орнынан алынған мәліметтер негізінде тіркеу алдындағы жыл ішінде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін тәртіптік жазаларының жоқтығы; 
      5) кандидаттың облыстық деңгейдегі, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау мекемелерінен алынған дәрігерлік анықтама негізінде - психикалық денсаулық жағдайы.
      2. Тиісті ішкі істер басқармалары, прокуратура органдары сайлау комиссияларының Парламент және мәслихаттар депутаттығына кандидаттар туралы сұрауларын екі күн мерзімде орындасын.<*>
       Ескерту: 2 тармақ өзгертілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2000 жылғы 10 тамыздағы N 7/7   қаулысымен .
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының 
     төрайымы     

     Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
     хатшысы      

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.