Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламент, маслихаттар депутаттының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнің сайлауын мемлекеттік қаржыландырудың ережелерiне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
21.01.2000
Өзгерту күні
20.12.2005
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті

        Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы N 58 бұйрығымен.

--------------Бұйрықтан үзінді--------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің, Қазынашылық комитеті Төрайымының кейбір бұйрықтарының күшін жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Бюджеттік есепті ұйымдастыру басқармасы қабылданған шешім туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апта мерзімде хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төрайым

Қазақстан Республикасы       
Қаржы министрлігінің        
Қазынашылық комитеті Төрайымының 
2005 жылғы 20 желтоқсандағы   
N 58 бұйрығына қосымша     

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық
департаментінің, Қазынашылық комитеті Төрайымының күші
жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      ...
       3. "Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент, мәслихаттар депутаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын мемлекеттік қаржыландырудың ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 1999 жылғы 27 желтоқсандағы N 697 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1032 болып тіркелген)...
______________________________________  
                            Бұйырамын: 

      1. "Сайлауларды мемлекеттiк қаржыландырудың ережелерiн бекiту туралы" 1999 жылғы 25 ақпандағы N 71 Қазынашылық департаментiнің бұйрығымен бекiтiлген қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламент, маслихаттар депутаттарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын мемлекеттік қаржыландырудың ережелерiне өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнінен бастап күшiне енедi.

      Төрағаның
      міндетін атқарушы

       Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламент,
    маслихаттар депутаттарының және жергiлiктi өзiн-өзi
    басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын мемлекеттік
  қаржыландырудың ережелерiне өзгерiстер мен толықтырулар

      8-тармақта:
      екінші сөйлем алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Егер кандидат сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып сайланса немесе кандидат дауыс беру қорытындысы бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (дауыс берушілердің) кемінде жеті процент дауысын алған болса, енгізілген сайлау жарнасы кандидатқа қайтарылады."; 
      10-тармақтың 4-тармақшасындағы "шығыстар" деген сөзден кейін "(темір жол, әуе және автомобиль көлігінің қызметіне ақы төлеуге, көлікті жалдауға, жанар-жағар май материалдарын сатып алуға арналған шығыстарды қоса алғанда)" деген сөздермен толықтырылсын; 
      11-тармақтың үшінші абзацындағы "округтік" деген сөздердің алдынан "аумақтық және" деген сөздермен толықтырылсын; 
      15-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: 
      233 "Орталық сайлау комиссиясы бухгалтерлік есепте 233 "Басқа республикалық бюджеттің әкімшілігіне бөлінген лимиттердің есебінен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстарын бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шотының дебеті бойынша және 090 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге және басқа да шараларға аудару үшін мемлекеттік мекемелердің шығыстарына арналған ашық лимиттер" кредиті бойынша басқа республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне 2-б-н. министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсат бойынша бөлiнген лимиттердi көрсетедi. Орталық сайлау комиссиясынан 2-б-н. министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсат бойынша бюджеттiк қаражатты жұмсауға арналған лимиттер алған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi" 092 "Басқа республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне бөлiнген лимиттердiң есебiнен республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң шығыстарына арналған ашық лимиттер" қосалқы шотының дебетi бойынша және 233 қосалқы шотының кредитi бойынша бухгалтерлiк есепте көрсетедi; тауарлар мен қызмет көрсетулерге аударылған сомаға 178 "Өзге де дебиторлармен және кредиторлармен есептемелер" қосалқы шотының дебетi бойынша және 092 қосалқы шотының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi; жүргiзілген шығыстар сомасына 201 "Басқа республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне бөлiнген лимиттердiң есебiнен мемлекеттiк мекеменi ұстауға арналған бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шотынының дебетi бойынша және 092, 178 "Өзге де дебиторлармен және кредиторлармен есептемелер", 180 "Жұмысшылармен және қызметшiлермен есептемелер" қосалқы шотының және басқа да қосалқы шоттардың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi. Жыл аяқталғаннан кейiн Орталық сайлау комиссиясынан 2-б-н. бойынша лимиттер алған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жүргiзiлген шығыстарды қорытынды айналымдармен есептен шығарады және 233 қосалқы шотының дебетi, 201 қосалқы шотының кредитi бойынша бухгалтерлiк жазбамен көрсетедi."; 
      19-тармақтың үшiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: 
      "Айрықша жағдайларда Орталық сайлау комиссиясының өтiнiшi негiзiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жазбаша рұқсаты бойынша бюджеттiк шоттардан бюджеттiк қаражатты жұмсау мерзiмiн ұзартуға және лимиттердiң бос қалдықтарын қайтарып алуға рұқсат етiледi."; 
      20-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: 
      "Сайлау жүргiзуге Орталық сайлау комиссиясынан 2-б-н. министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсат бойынша бюджеттiк қаражатты жұмсауға лимиттер алған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Орталық сайлау комиссиясының шығыстар сметасының атқарылуының жиынтық балансына енгiзу үшiн оған шығыстар сметасының балансын (N 1 нысан) коды (050300I), мемлекеттiк мекеменiң шығыстары сметасының атқарылуы туралы есептi (N 2 нысан) коды (0603008) және 2-б-н. министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсат бойынша пайдаланылған лимиттер туралы мәлiметтердi көрсете отырып түсiндiрме жазбаны ұсынады."

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.