"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Конституциялық Заң
Қабылдау күні
19.06.2007
Өзгерту күні
19.06.2007
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Парламенті

       1-бап . "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 145-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 4, 44-құжат; 1999 ж., N 10, 344-құжат; 2004 ж., N 22, 129-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-баптағы "Үкімет" деген сөзден кейін "алқалы орган болып табылады," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселені Парламент Мәжілісіне жолданатын жазбаша өтініш арқылы қояды.
      Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.";

      3) 5-баптың 2-тармағында:
      "Конституцияның 53-бабының 7) тармақшасында және 61-бабының 7-тармағында" деген сөздер "Республика Конституциясында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жағдайларда" деген сөзден кейін»"Парламент Мәжілісі немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 7-бап алып тасталсын;

      5) 8-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Үкімет шешімдерімен белгіленген жағдайларда жарғылық капиталына мемлекет қатысатын коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге хақы жоқ.";

      6) 9-баптың 13) тармақшасында»"құқықтық реформаның жүзеге асырылуын" деген сөздер "құқықтық саясатты іске асыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Үкімет қаулыларына Республика Премьер-Министрі қол қояды.";

      8) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Үкімет Республика Конституциясында көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.";

      9) 12-бапта:
      1-баптың 1) тармақшасындағы»"Үкімет Бағдарламасының," деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақтағы»"Үкімет" деген сөз»"Республика Үкіметі мен Премьер-Министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 14-бапта:
      тақырыбындағы»"Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін министрліктермен," деген сөздер»"Министрліктермен, Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) тармақшадағы "Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін министрліктердің, және" деген сөздер»"министрліктердің және Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы»"сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің" деген сөздер»"олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып,
солардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшада:
      "Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін министрліктер," деген сөздер "министрліктер, Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ", сондай-ақ ведомстволар" деген сөздер алып тасталсын;

      5) тармақшадағы»"Үкімет құрамына кірмейтін министрлердің," деген сөздер "министрлердің, Үкімет құрамына кірмейтін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 15-бап алып тасталсын;

      12) 19-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында:
      "Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерді," деген сөздер»"министрліктерді, Үкімет құрамына кірмейтін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "министр, облыс, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының әкімі" деген сөздер»"сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қоспағанда, министр" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "басшысын," деген сөзден кейін»"сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Үкімет мүшелері:
      1) тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады;
      2) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясындағы) саясатты қалыптастырады;
      3) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
      4) өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербес болады;
      5) Республика Премьер-Министрінің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді;
      6) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы (аясындағы) істің жайына және заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты.";

      14) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:

      "21-1-бап. Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы

      1. Министрліктердің және Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың аппараттарын Республиканың Премьер-Министрімен келісім бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшылар басқарады.
      2. Жекелеген министрліктер мен Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарда Республика Президентінің шешімімен жауапты хатшы қызметі енгізілмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда осы Конституциялық заңда көзделген жауапты хатшы өкілеттіктерін
министрліктің немесе Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның Республика Президенті айқындайтын лауазымды адамы жүзеге асырады.
      3. Үкіметтің, министрдің, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган басшысының орнынан түсуі жауапты хатшылардың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соқпайды.
      4. Министрліктің және Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктерін Республика Президенті белгілейді.
      5. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Республика Президентіне, Премьер-Министрге және министрге (Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган басшысына) есеп береді.";

      15) 22-баптың 2-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-2. Министрліктің құрылымын министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
      Министрліктің құрылымдық бөлімшелері ведомстволар, департаменттер мен басқармалар болып табылады.
      Министрлік департаменттері мен басқармаларының жиынтығы министрлік аппараты болып табылады.";

      16) 23-бапта:
      тақырыбындағы»"енбейтін" деген сөз "кірмейтін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Агенттіктің құрылымын агенттіктің жауапты хатшысы бекітеді және, әдетте, департаменттер мен басқармалардан тұрады.
      Агенттік департаменттері мен басқармаларының жиынтығы агенттік аппараты болып табылады.";

      17) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-бап. Орталық атқарушы органның ведомствосы

      1. Республиканың орталық атқарушы органының комитеті ведомство болып табылады.
      Ведомствоның аумақтық бөлімшелері болуы мүмкін.
      2. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен Республика Үкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
      3. Ведомство басшысын тиісті орталық атқарушы органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      4. Ведомство Республиканың орталық атқарушы органы құзыретінің шегінде бақылау және (немесе) іске асыру функцияларын жүзеге асырады.
      5. Ведомство шығаратын актінің нысаны ведомство басшысының бұйрығы болып табылады.
      Ведомствоның актілерін толығымен не бір бөлігінде күшін жоюды не тоқтата тұруды құрылымына ведомство кіретін орталық атқарушы органның басшысы жүзеге асырады.
      6. Ведомствоның құрылымын тиісті орталық атқарушы органның жауапты хатшысы бекітеді. Ведомствоның құзыретін және оның өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін осы ведомство құрылымына кіретін орталық атқарушы органның басшысы айқындайды.".

       2-бап . Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.