"Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Актінің түрі
Конституциялық Заң
Қабылдау күні
04.05.2008
Өзгерту күні
04.05.2008
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Парламенті

       1-бап.  " Республикалық референдум туралы " 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 22, 131-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 10, 341-құжат; 2004 ж., N 22, 129-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1)  11-баптың  1-тармағының 2) тармақшасында "өз Палаталарының бірлескен отырысында әр Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырады және тиісті қаулымен ресімдейді" деген сөздер "Палаталардың бөлек отырысында мәселені әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы жүзеге асырады және Парламент Палаталарының тиісті қаулыларымен ресімдейді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2)  31-баптың  3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер олар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.".

       2-бап.  Осы Конституциялық заң алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н.Назарбаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.