2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы

Актінің түрі
Заң
Меморандум
Қабылдау күні
23.12.2008
Өзгерту күні
23.12.2008
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Парламенті

      Астанада 2001 жылғы 15 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама
Штаттарының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы
меморандум

(Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі,
      Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық сипатын назарға ала отырып, екі жақты деңгейде халықаралық терроризмге, діни және саяси экстремизмге қарсы күреске қатысты "Мызғымас Бостандық" Операциясы шеңберіндегі өзара тығыз іс-қимылға дайындығын білдіре отырып;
      1994 жылғы 14 ақпандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Демократиялық әріптестік туралы хартияның, Терроризмге қатысты 1998 жылғы 3 қарашадағы қазақстандық-американдық бірлескен мәлімдеменің ережелерін ұстануды қуаттай отырып;
      Әскери саладағы ынтымақтастық туралы бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарға сүйеніп және оларды нығайтуға ниет білдіре отырып;
      төмендегі мәселелер бойынша өзара түсіністікке қол жеткізді:
      I. "Мызғымас Бостандық" Операциясы шеңберінде АҚШ әуе кемелерінің ұшып өтуін (топтық емес, жекелеген ұшулар) қамтамасыз ету үшін арнайы әуе дәліздерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің беруі туралы американдық Тараптың өтінішін ескере отырып, қазақстандық Тарап төмендегі өлшемдермен шектелген әуе дәліздерін ұсынуға дайын:
      1. NORDA A355 ТӨЛЕ БИ В142 ARBOL A352 ТҮРКІСТАН А480
      BORIS - әрі қарай Өзбекстан аумағы бойынша KUNAS В363 АҚТАУ А87/R227 АZАВІ/ІТАКА нүктеге дейін
      2. RІRАN А118 ШЫМКЕНТ В114 ТӨЛЕ БИ А355 NORDA
      3. NORDA А355 ТӨЛЕ БИ А356 АТЫРАУ G487 ОВАТА
      4. RIRAN А118 ШЫМКЕНТ R482 ТҮРКІСТАН А352 ҚЫЗЫЛОРДА А356 АТЫРАУ G487 ОВАТА
      Егер осы әуе дәліздері қандай да бір күні, қандай да болсын себеппен жабық болатын болса, Қазақстан Республикасының әуе қозғалысына қызмет көрсету орталығы (Әуе қозғалысын жоспарлаудың басты орталығы) АҚШ ұшақтарының бағытын қайта жоспарлайды, олардың Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы ұшып өтуін кейінге қалдырмайды.
      II. Осы Меморандумның I тармағында көрсетілген мақсатпен қазақстандық Тарап дипломатиялық рұқсаттың мынадай бірыңғай N МИД 110/015 КЗН01 нөмірін белгілеуге дайын.
      III. Тараптар "Мызғымас Бостандық" Операциясы шеңберінде АҚШ әуе, кемелерінің Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалануы туралы хабарландыру ұшуға дейін кемінде 4 сағат бұрын мерзімде берілуі тиіс екенін түсіністікпен негізге алады, төмендегі мекенжайға AFTN -  UAAKZDZK, UAAAAZDZK арналған мынадай мазмұндағы ақпараты бар ұшу жоспары Әуе қозғалысын жоспарлаудың басты орталығына беріледі; (AFTN мекен-жайына қол жеткізілмеген жағдайларда ұшу жоспары төмендегі СІТА-АLАОКҮА мекен-жайға немесе 7(3272)574343) факске жіберіледі, ұшу жоспары мыналарды қамтиды:
      - дипломатиялық рұқсаттың бірыңғай нөмірі;
      - әуе кемесінің түрі, тіркеу нөмірі және радиолық шақыру белгісі;
      - жолаушыларды/жүкті жөнелту және жеткізу пункті;
      - тасымалдаудың жалпы сипаты (адамдар, жүк, қауіпті жүк);
      - күні, толық маршруты және ұшу маршрутындағы авиатрасса, Қазақстан әуе кеңістігіне кіру/одан шығу нүктелері міндетті түрде көрсетілген қозғалыс кестесі.
      Қазақстан Республикасының әуе трассалары бойынша әуе кемелерінің ұшуы азаматтық әуе кемелері ұшуларының халықаралық ережесін сақтай отырып, жүзеге асырылуы тиіс (жекелеген ұшулар). Жауынгерлік авиацияға қатысты ұшақтар топ-топ болып емес, кезек сақтап ұшуы және 0.80 М-нен артық емес ұшу жылдамдығын ұстануы тиіс. Әуе кемелерінің ұшу санының шамасы тәулігіне 8-10 рейс.
      IV. Қазақстан Республикасы "Мызғымас Бостандық" Операциясы шеңберінде ұшатын және осы ұшақтардың Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде болған уақытысында III Параграфтың талаптарын орындайтын АҚШ ұшақтарынан алымдар алмастан аэронавигациялық қызмет көрсететін болады. Бұған қосымша Қазақстан Республикасы осы Меморандум күшіне енген күнге дейін 2001 жылғы 23 қыркүйектен бастап жарамды, бұрын дипломатиялық рұқсаттың МИД 110/001 КЗН 01 нөмірін алған, "Мызғымас Бостандық" Операциясы шеңберіндегі АҚШ ұшақтарына тегін аэронавигациялық қызмет көрсететін болады.
      V. Жазатайым оқиға кезінде Тараптар әріптестік рухында консультациялар өткізеді. АҚШ-тың кез-келген персоналының әрекеті немесе әрекетсіздігі нәтижесінде көтерілетін үшінші Тараптың талаптары АҚШ Үкіметінің қарауы бойынша АҚШ заңнамасына сәйкес қаралуы және реттелуі мүмкін.
      VI. Осы Меморандум бойынша жүзеге асырылатын ынтымақтастықтың анағұрлым тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Тараптар ұшуды экологиялық стандарттарды қоса алғанда, халықаралық ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес жүзеге асыратын болады.
      VII. Осы Меморандум Америка Құрама Штаттары және оның халықаралық коалиция бойынша әріптестері жүргізетін "Мызғымас Бостандық" операциясы өтетін мерзім ішінде күшінде болады. Осы Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының       Америка Құрама Штаттарының
      Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Америка департаментінің директоры             Т. Қалиев

      2001 жылғы 15 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық-құқық департаментінің
      Бөлім бастығы                                  Б. Машиков

      РҚАО-ның ескертуі. Бұдан әрі Меморандумның ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.