Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы

Актінің түрі
Заң
Келісім
Қабылдау күні
14.11.2016
Өзгерту күні
14.11.2016
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Парламенті
      2016 жылғы 22 ақпанда Астанада және 2016 жылғы 15 наурызда Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
 
Президенті
Н.Назарбаев

      
      № 4449/3дснг
      Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі ТМД елдерінің үшінші департаменті Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігіне өз ілтипатын білдіреді және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің мекенжайына Министрліктің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 3154/3дснг нотасын жолдау мәртебесіне ие.
      Министрліктің ТМД елдерінің үшінші департаменті осы жағдайды Елшілікке өзінің зор құрметін білдіру үшін пайдаланады.
      Мәскеу, 2016 жылғы 15 наурыз
      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
      ЕЛШІЛІГІНЕ
      Мәскеу қ.
      № 3154/3дснг
      Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өз ілтипатын білдіре отырып, келесі мазмұндағы 2016 жылғы 22 ақпандағы № 15-1/562 нотаны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен алғанын растауды мәртебе санайды:
      "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне өз ілтипатын білдіре отырып, мынаны хабарлауды мәртебе деп санайды.
      1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде ынтымақтастықтың тиімді және оңайлатылған тетігін жасауға ұмтыла отырып, ресми құжаттарды тану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметіне (бұдан әрі - Тараптар) мынаны айқындауды ұсынады.
      1. Бір Тарап мемлекетінің уәкілетті органы берген және оның елтаңбалы мөрімен бекемделген құжаттар екінші Тарап мемлекетінің аумағында қандай да бір арнайы куәландырусыз, оның ішінде апостиль қойылмай немесе консулдық заңдастырусыз қабылданады.
      Бір Тарап мемлекетінің аумағында ресми ретінде қаралатын мұндай құжаттар екінші Тарап мемлекетінің аумағында ресми құжаттардың дәлелдемелік күшіне ие болады. Танудың осы тәртібі 2011 жылғы 1 қаңтарынан бастап Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары берген ресми құжаттарға қолданылады.
      2. Осы келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты кез келген даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар консультациялар мен келіссөздер арқылы шешеді.
      3. Осы келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі оның қолданысын тоқтатқанша күшінде қалады. Әрбір Тарап осы Келісім күшіне енген күннен бастап 5 жыл өткеннен кейін ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын оның қолданысын тоқтатуға өзінің ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар ете отырып, осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады. Бұл жағдайда осы Келісім осындай хабарлама алынған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап өзінің қолданысын тоқтатады.
      4. Ресей Федерациясының Үкіметі жоғарыда баяндалғанмен келіскен жағдайда осы нотаны және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің жауап нотасын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қосарлаған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындығы келісім деп есептеуді ұсынуды мәртебе санайды, ол Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы жағдайды Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне өзінің зор құрметін білдіру үшін пайдаланады".
      Министрлік Ресей Федерациясы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 15-1/562 нотасын және осы жауап нотасын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы Келісім ретінде қарастыруға келісетінін хабарлауды мәртебе деп санайды, Ол Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар бойынша соңғының жазбаша хабарламасын алған күннен бастап күшіне енеді.
      Министрлік осымен Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы Келісім күшіне ену үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағанын растайды. Осыған орай, Министрлік Келісімнің ережелеріне сәйкес Ресей Тарапының Қазақстан Тарапынан, оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енетініне жүгінеді.
      Министрлік осы жағдайды, Министрлікке өзінің зор құрметін білдіру үшін пайдаланады.
      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ
      ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНЕ
      Астана қ.
      Мәскеу, 2016 жылғы 15 наурыз
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу бойынша Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі ТМД елдерінің үшінші департаментінің Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігіне жолданған 2016 жылғы 15 наурыздағы № 4449/3дснг хатының мемлекеттік тілдегі аудармасы орыс тілдегі мәтініне сәйкес келетінін растаймын.

Қазақстан Республикасы
 
Қаржы министрлігі
 
Құжат айналымы
 
департаментінің
 
Құжаттарды редакциялау
 
және лингвистикалық сараптау
 
басқармасы басшысы
Б. Ахметжанова

      
      № 15-1/562
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне деген өз ілтипатын білдіре отырып, мынаны хабарлауды мәртебе деп санайды.
      1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде ынтымақтастықтың тиімді және оңайлатылған тетігін жасауға ұмтыла отырып, ресми құжаттарды тану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Федерациясының Үкіметіне (бұдан әрі - Тараптар) мынаны айқындауды ұсынады.
      1. Бір Тарап мемлекетінің уәкілетті органы берген және оның елтаңбалы мөрімен бекемделген құжаттар екінші Тарап мемлекетінің аумағында қандай да бір арнайы куәландырусыз, оның ішінде апостиль қойылмай немесе консулдық заңдастырусыз қабылданады.
      Бір Тарап мемлекетінің аумағында ресми ретінде қаралатын мұндай құжаттар екінші Тарап мемлекетінің аумағында ресми құжаттардың дәлелдемелік күшіне ие болады. Танудың осы тәртібі 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары берген ресми құжаттарға қолданылады.
      2. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты кез келген даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар консультациялар мен келіссөздер арқылы шешеді.
      3. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі оның қолданысын тоқтатқанша күшінде қалады. Әрбір Тарап осы Келісім күшіне енген күннен бастап 5 жыл өткеннен кейін ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын оның қолданысын тоқтатуға өзінің ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар ете отырып, осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады.
      Бұл жағдайда осы Келісім осындай хабарлама алынған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап өзінің қолданысын тоқтатады.
      4. Ресей Федерациясының Үкіметі жоғарыда баяндалғанмен келіскен жағдайда осы нотаны және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің жауап нотасын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім деп есептеуді ұсынуды мәртебе санайды, ол Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы жағдайды пайдалана отырып, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне өзінің зор құрметін білдіреді.
      Астана қаласы, 2016 жылғы 22 ақпан.
      РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ
      СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
      Мәскеу қаласы
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.