2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Актінің түрі
Заң
Хаттама
Қабылдау күні
23.06.2017
Өзгерту күні
23.06.2017
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Парламенті

      2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2016 жылғы 17 қазанда Астанада жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ХАТТАМА

      (2017 жылғы 15 шілдеде күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 4, 55-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі

      екі мемлекеттің арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, олардың азаматтарының жол жүруін құқықтық реттеу мақсатында,

      1997 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы шарттың ережелері мен қағидаттарын назарға ала отырып,

      бір мемлекет азаматтарының басқа мемлекеттің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ниет білдіре отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімнің 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"1-бап

      1. Басқа Тарап мемлекетінің аумағында уақытша болатын бір Тарап мемлекетінің азаматтары болатын Тараптың құзыретті органдарында күнтізбелік 30 күн ішінде тіркелу (болатын жері бойынша есепке қою) міндетінен босатылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген уақытша болу мерзімі көші-қон картасымен және (немесе) болатын Тарап мемлекетінің аумағына кіру кезінде қойылған шекаралық бақылау органдарының белгісімен расталған бір Тарап мемлекеті азаматының басқа Тарап мемлекетінің аумағына кірген күнінен бастап есептеледі.

      3. Бір Тарап мемлекетінің азаматы басқа Тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік 30 күннен артық болған жағдайда, көрсетілген азамат болатын Тараптың заңнамасына сәйкес оның құзыретті органдарында тіркелуге (болатын жері бойынша есепке тұруға) міндетті.

      4. Бір Тарап мемлекетінің азаматтары кірген Тарап мемлекетінің Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап күнтізбелік 90 күннен аспайтын мерзімге тіркеледі және тіркеу осындай мерзімге ұзартылуы мүмкін.".

2-бап

      Осы Хаттаманы түсіндіруге және орындауға қатысты даулы мәселелер Тараптардың арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы реттеледі.

3-бап

      1. Осы Хаттама дипломатиялық арналар арқылы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасы алынған күнінен бастап күшіне енеді.

      Астана қаласында 2016 жылғы 17 қазанда әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіннің де күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін

      РҚАО-ның ескертпесі!

      Бұдан әрі Хаттаманың қырғыз тіліндегі мәтіні берілген.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.