1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға Қосымша хаттаманы ратификациялау туралы

Актінің түрі
Заң
Хаттама
Қабылдау күні
25.12.2018
Өзгерту күні
25.12.2018
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Парламенті

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға 2017 жылғы 9 қарашада Челябинскіде жасалған Қосымша хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға
ҚОСЫМША ХАТТАМА

      (2019 жылғы 21 қаңтарда күшіне енген - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2019 ж., № 2, 17-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,

      1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жер қойнауын пайдаланудағы егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің жігін ажырату туралы келісімді, оған 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттаманы, көрсетілген Хаттамаға өзгерістер енгізу туралы 2006 жылғы 25 қаңтардағы және 2015 жылғы 15 қазандағы хаттамаларды басшылыққа ала отырып,

      "Құрманғазы" ("Құлалы") құрылымының көмірсутек ресурстарын бірлесіп игерудегі өзара мүдделілікті негізге ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның құзыретті органы және 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге 2002 жылғы 13 мамырда қол қойылған және өзіне 2006 жылғы 25 қаңтардағы Хаттамамен өзгертілген Хаттаманың (бұдан әрі - Хаттама) 3-бабының 4-тармағында көзделген кәсіпорын көрсетілген Хаттаманың 3-бабының 6-тармағында көзделген 2005 жылғы 6 шілдедегі өнімді бөлісу туралы келісімге мыналарды:

      2005 жылғы 6 шілдедегі өнімді бөлісу туралы келісімде көзделген келісімшарт аумағын ұлғайтуды;

      кәсіпорынға кейіннен төрт жылға ұзарту мүмкіндігін ұсына отырып, бүкіл келісімшарт аумағында алты жыл мерзімге қосымша барлау кезеңін беруді;

      2005 жылғы 6 шілдедегі өнімді бөлісу туралы келісімге қосымша келісімге қол қою күнін қосымша барлау кезеңінің басталу күні ретінде белгілеуді көздейтін қосымша келісім жасасады.

2-бап

      Осы Қосымша хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы жазбаша хабарламалардың соңғысы дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      2017 жылғы 9 қарашада Челябинск қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

      Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы
      үшін үшін

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.