"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы

Актінің түрі
Заң
Конституциялық Заң
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
24.02.1997
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Парламенті

 


     "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан

Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688



Z952688_


  Конституциялық заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 145-құжат)

14-бабының 2)-тармақшасы "егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе"

деген сөздермен толықтырылсын.


     Қазақстан Республикасының

             Президентi



     Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және

салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан Республикасы

мен Нидерланды Корольдiгi арасындағы

                         Конвенция


               Қазақстан Республикасының Үкiметi

                             мен

               Нидерланды Корольдiгiнiң Үкiметi


     табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және

салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы екi Мемлекеттiң арасында

Конвенция жасауға ниет бiлдiре отырып,

     мына мәселелер жайында уағдаласты:


                            I-Тарау

              Конвенцияның қолданылу саласы


                            1-бап

              Конвенция қолданылатын тұлғалар



 
       Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
 
                             2-бап
              Конвенция қолданылатын салықтар
 
      1. Осы Конвенция табыс пен капиталға салынатын салықтарды алу тәсiлдерiне қарамастан Уағдаласушы Мемлекет немесе оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшелерi не жергiлiктi өкiмет орындары алатын осы салықтарға қолданылады.
      2. Табыстың жалпы сомасынан, капиталдың жалпы сомасынан, немесе табыстың яки капиталдың жекелеген элементтерiнен алынатын барлық салықтар, соның iшiнде жылжитын немесе жылжымайтын мүлiктi шеттетуден түсетiн табыстардан алынатын салықтар, кәсiпорындар төлейтiн ризықақының немесе жалақының жалпы сомасынан алынатын салықтар, сондай-ақ капитал құнының артуынан алынатын салықтар табыс пен капиталға салынатын салықтар болып есептеледi.
      3. Конвенция қолданылатын алынып жүрген салықтар, атап айтқанда, мыналар болып табылады:
      а) Қазақстанда:
      - заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
      - заңды және жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық;
      (бұдан әрi "Қазақстан салықтары" ретiнде аталатындар).
      б) Нидерландыда:
      - табыс салығы,
      - жалақыға салынатын салық,
      - компанияның пайдасына, соның iшiнде 1967 жылы шығарылған концессияларға қатысты Mi jnwet 1810 заңына (1810 жылғы Тау-кен заңына) сәйкес немесе 1965 жылғы Континенталдық Жоспарға сәйкес (Нидерландының Континенталдық Шельфi туралы 1965 жылғы Тау-кен заңы) салық салынатын табиғи ресурстарды өндiруден алынған таза пайдадағы Үкiметтiң үлесiне салынатын салық.
      - дивидендтерге салынатын салық,
      - капиталға салынатын салық,

 

     (бұдан әрi "Нидерланды салықтары" ретiнде аталатындар);

     4. Конвенция сондай-ақ оған қол қойылған күннен кейiн

қолданылып жүрген салықтарға қосымша немесе солардың орнына алынатын

кез-келген бiрдей немесе iс жүзiнде соларға ұқсас салықтарға

қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары өздерiнiң

қолданылып жүрген салық заңдарына енгiзiлетiн кез-келген елеулi

өзгерiстер жайында бiр-бiрiн хабардар етiп отырады.


                            2-ТАРАУ

                          Айқындамалар


                             3-бап

                     Жалпы айқындамалар


     1. Егер контекстен басқалай мағына тумаса, осы Конвенцияның

мақсаттары үшiн:


 
        а) "Уағдаласушы Мемлекет" және "басқа Уағдаласушы Мемлекет" терминдерi контекске қарай Қазақстан Республикасын (Қазақстанды) немесе Нидерланды Корольдiгiн (Нидерландыны) бiлдiредi;
      "Уағдаласушы Мемлекеттер" терминi Қазақстан Республикасын (Қазақстанды) және Нидерланды Корольдiгiн (Нидерландыны) бiлдiредi;
      б) "Қазақстан" терминi Қазақстан Республикасын бiлдiредi. Жағырапиялық мағынасында қолданғанда "Қазақстан" терминi халықаралық құқыққа сәйкес Қазақстан белгiлi бiр мақсаттар үшiн егемен құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыра алатын және Қазақстанның заңдары қолданылатын аумақтық суларды, сондай-ақ тек қана экономикалық аймақ пен континенталдық шельфтi қамтиды;
      в) "Нидерланды" терминi Нидерланды Корольдiгiнiң Еуропада орналасқан бөлiгiн, соның iшiнде оның аумақтық теңiзiн және халықаралық құқыққа сәйкес теңiз түбi, оның қойнауы және оның астындағы су мен олардың табиғи ресурстары жөнiндегi Нидерланды юрисдикциясын немесе егемен құқықтарын жүзеге асыратын аумақтық теңiз төңiрегiндегi кез-келген алаңды бiлдiредi;
      г) "тұлға" терминi жеке адамды, компанияны және тұлғалардың кез-келген басқа бiрлестiгiн қамтиды;
      д) "компания" терминi салық салу мақсаттары үшiн корпоративтiк құрылым ретiнде қарастырылатын кез-келген корпоративтiк құрылымды немесе кез-келген экономикалық бiрлiктi бiлдiредi;
      е) "Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" және "басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" терминдерi тиiсiнше Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi айналысатын кәсiпкерлiк қызметтi және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi айналысатын кәсiпкерлiк қызметтi бiлдiредi;
      ж) "халықаралық тасымал" терминi теңiз немесе әуе кемесi тек қана басқа Уағдаласушы Мемлекеттегi пункттер арасында пайдаланылатын жағдайлардан басқа кезде Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны пайдаланатын теңiз немесе әуе кемесiмен жасалатын кез-келген тасымалды бiлдiредi;
      з) "ұлттық тұлға" терминi:
      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң азаматтығын алған кез-келген жеке адамды;
      2. Өздерiнiң мәртебесiн Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданылып жүрген заңдарының негiзiнде алған кез-келген заңды тұлғаны, серiктестiктi немесе кез-келген басқа ассоциацияны бiлдiредi;
      и) "құзырлы орган" терминi:
      1. Қазақстанда: Қаржы министрлiгiн немесе оның өкiлеттi өкiлiн бiлдiредi.
      2. Нидерландыда: Қаржы Министрiн немесе оның өкiлеттi өкiлiн;
      2. Уағдаласушы Мемлекет Конвенцияны қолданғанда онда айқындалмаған кез-келген термин, егер контекстен басқа мағына тумаса, салықтарына Конвенция қолданылатын осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес қандай мағынаға ие болса, дәл сондай мағынаға ие болады.
 
                               4-бап
                             Резидент
 
      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi" терминi осы Мемлекеттiң заңдары бойынша онда өзiнiң тұратын жерiне, резиденттiгiне, басқару орнына, құрылған орнына немесе осыған ұқсас сипаттағы кез-келген басқа өлшемге байланысты салық салынатын кез-келген тұлғаны бiлдiредi. Алайда бұл термин осы Мемлекеттегi көздерден немесе сонда орналасқан капиталдан алынатын табысқа ғана қатысты осы Мемлекетте салық салынуға тиiс қандай да бiр тұлғаны қамтымайды.
      Уағдаласушы Мемлекет, оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет органы Уағдаласушы Мемлекетте осындай болып танылған және табысы әдетте осы Мемлекетте салық салудан босатылған зейнетақы қоры немесе қайырымдылық ұйымы секiлдi осы Мемлекеттiң ұйымын, саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесiн немесе өкiмет органын осы Мемлекеттiң резиденттерi ретiнде қарастырады. Осы Мемлекеттiң заңдастырылған ережелерiне сәйкес танылған және бақыланатын кез-келген зейнетақы қоры Уағдаласушы Мемлекеттiң танылған зейнетақы қоры болып есептеледi.
      2. 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болған жағдайда оның мәртебесi былай айқындалады:
      а) ол өзiнiң қарамағына жататын тұрақты баспанасы бар Мемлекеттiң ғана резидентi болып есептеледi; егер оның Мемлекеттердiң екеуiнде де өзiнiң қарамағына жататын тұрақты баспанасы болса, ол неғұрлым тығыз жеке және экономикалық байланыстары бар (өмiрлiк мүдделер орталығы) Мемлекеттiң ғана резидентi болып есептеледi;
      б) егер оның өмiрлiк мүдделер орталығы бар Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе оның Мемлекеттердiң бiреуiнде де өзiнiң қарамағына жататын тұрақты баспанасы болмаса, ол өзi әдетте тұрып жатқан Мемлекеттiң ғана резидентi болып есептеледi;
      в) егер ол әдетте Мемлекеттердiң екеуiнде де тұратын болса немесе олардың бiреуiнде де тұрмаса, ол өзi азаматы болып табылатын Мемлекеттiң ғана резидентi болып есептеледi;
      г) егер ол Мемлекеттердiң екеуiнiң де азаматы болса немесе олардың бiреуiнiң де азаматы болмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары мәселенi өзара келiсе отырып шешедi.
      3. Егер 1-тармақтың ережелерiне байланысты жеке тұлғадан басқа

 

бiреу Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып

табылса, онда мұндай тұлға өзiнiң тиiмдi басқару орны орналасқан

Мемлекеттiң ғана резидентi болып есептеледi.


                             5-бап

                        Тұрақты мекеме


     1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме" терминi

кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi толық немесе iшiнара жүзеге

асырылатын тұрақты қызмет орынын бiлдiредi.

     2. "Тұрақты мекеме" терминi, атап айтқанда, мыналарды қамтиды:

     а) басқару орыны,

     б) бөлiмше,

     в) кеңсе,

     г) фабрика,

     д) шеберхана,

     е) шахта, мұнай немесе газ скважинасы, кенiш немесе табиғи

ресурстар өндiрiлетiн кез-келген басқа орын.


 
       3. а) Құрылыс алаңы немесе құрылыс не монтаждау не құрастыру объектiсi яки осы жұмыстардың орындалуын қадағалауға байланысты қызметтер осы Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекеменi құрайды, егер тек мұндай қызметтер 12 айдан астам уақыт бойы созылса;
      б) Уағдаласушы Мемлекетте табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын қондырғы немесе құрылыс яки осы жұмыстардың орындалуын қадағалауға байланысты қызметтер, немесе табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын бұрғылау қондырғысы яки кеме осы Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекеменi құрайды, егер тек осылай пайдалану яки мұндай қызметтер 12 айдан астам уақыт бойы созылса;
      в) Уағдаласушы Мемлекет шеңберiнде қызметтер көрсету, оның iшiнде осындай мақсаттар үшiн басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бiрiншi аталған Мемлекет шегiнде тұратын және өзi жалдап алған қызметшiлер немесе басқа да адамдар арқылы көрсететiн консультациялық қызметтер осы Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекеменi құрайды, егер тек мұндай қызметтер 12 айдан астам уақыт бойы созылса.
      4. Осы баптың осының алдындағы ережелерiне қарамастан "тұрақты мекеме" терминi мыналарды қамтымаған болып есептеледi:
      а) ғимараттарды кәсiпорынға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету немесе жеткiзiп беру мақсаттары үшiн ғана пайдалану;
      б) кәсiпорынға тиесiлi көрсетiлген тауарларды немесе бұйымдарды көрмеден яки жәрмеңкеден соң сату;
      в) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын сақтау, көрсету немесе жеткiзiп беру мақсаттары үшiн ғана сақтау;
      г) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек басқа бiр кәсiпорынның ұқсату мақсаттары үшiн ғана сақтау;
      д) тұрақты қызмет орнын кәсiпорын үшiн тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшiн, немесе ақпарат жинау үшiн немесе дайындық не көмек сипатындағы ақпарат тарату яки маркетинг үшiн ғана ұстау;
      е) тұрақты қызмет орынын кәсiпорын үшiн дайындық немесе көмек сипатындағы кез-келген басқа бiр қызметтi жүзеге асыру мақсаттары үшiн ғана ұстау;
      ж) тұрақты қызмет орнының қызмет түрлерiнiң қандай да болсын амалын жүзеге асыру нәтижесiнде пайда болатын жиынтық қызметi дайындық немесе көмек сипатында болған жағдайда тұрақты қызмет орнын
а) тармақшасынан ж) тармақшасына дейiн көрсетiлген қызмет түрлерiнiң осындай амалын жүзеге асыру үшiн ғана ұстау.
      5. 1 және 2-тармақтардың ережелерiне қарамастан, егер 6-тармақ қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға кәсiпорынның атынан әрекет етсе және басқа Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпорынның атынан келiсiм шарттар жасауға өкiлеттiгi болса және оны әдетте пайдаланып жүрсе, онда ол осы тұлға кәсiпорын үшiн жүзеге асыратын кез-келген қызмет жөнiнде осы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылады, бiрақ осындай тұлғаның қызметi 4-тармақта көрсетiлген, тұрақты қызмет орыны арқылы жүзеге асырылған күннiң өзiнде осы тұрақты қызмет орнын осы тармақтың ережелерiне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырылмайтындай қызметпен шектелетiн жағдай бұған қосылмайды.
      6. Кәсiпорын осы Мемлекетте делдал, комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез-келген басқа агент арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысқаны үшiн ғана, мұндай адамдар өздерiнiң әдеттегi қызметi шеңберiнде әрекет еткен жағдайда, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар тұлға болып есептелмейдi.
      7. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын

 

компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын

немесе осы басқа Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын (яки

тұрақты мекеме арқылы не болмаса басқалай жолмен) компанияны

бақылауы немесе оның бақылауында болуы фактiсiнiң өзi осы

компаниялардың бiрiн екiншiсiнiң тұрақты мекемесiне айналдыра

алмайды.


                             3-ТАРАУ

                      Табысқа салық салу


                             6-бап


              Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс



 
       1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алатын табысқа (соның iшiнде ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан алатын табысқа) осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. "Жылжымайтын мүлiк" терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары бойынша қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаға ие болады. Термин кез-келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, ауыл шаруашылығында және орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен құрал-жабдықты, жер меншiгiне қатысты жалпы құқық ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiктiң узуфруктын және минералдық ресурстарды, кен көздерiн және басқа да табиғи қазбаларды игергенi немесе игеру құқығы үшiн өтемақы ретiнде төленетiн өзгермелi немесе тұрақты төлемдер құқығын қамтиды; теңiз, өзен және әуе кемелерi жылжымайтын мүлiк болып есептелмейдi.
      3. 1-тармақтың ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе оны қандай болсын басқа жолмен пайдаланудан алынған табыстарға қолданылады.
      4. 1 және 3-тармақтардың ережелерi кәсiпорынның жылжымалы мүлкiнен алынатын табысқа және тәуелсiз жеке қызметтер көрсету үшiн пайдаланылатын жылжымайтын мүлiктен алынатын табысқа қолданылады.
 
                                7-бап
               Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда
 
      1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы онда кәсiпкерлiк қызметпен айналыспайтын болса ғана кәсiпорынның пайдасына осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсiпорын жоғарыда айтылғанындай, кәсiпкерлiк қызметпен айналысып жүрсе, онда кәсiпорынның пайдасына, бiрақ оның осы тұрақты мекемеге қатысты бөлiгiне ғана басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. 3-тармақтың ережелерiн ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметпен сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы айналысса, онда ол осындай немесе осыған ұқсас жағдайда нақ осындай немесе осыған ұқсас қызметпен айналысатын дербес және жеке кәсiпорын болғанда және өзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан толық тәуелсiз әрекет еткенде алуы мүмкiн пайда әрбiр Уағдаласушы Мемлекетте осы тұрақты мекемеге жатады.
      3. Тұрақты мекеменiң пайдасына айқындау кезiнде тұрақты мекеменiң кәсiпкерлiк қызметiнiң мақсаттары үшiн жұмсалған шығындарды, соның iшiнде тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте немесе басқа жерде жұмсалды ма, жоқ па - осыған қарамастан жұмсалған басқару шығындары мен жалпы әкiмшiлiк шығындарды шегерiп тастауға болады. Алайда тұрақты мекеме патенттердi немесе басқа құқықтарды пайдаланғаны үшiн қайтарым ретiнде роялти, қаламақылар немесе осыған ұқсас басқа төлемдер түрiнде немесе көрсеткен нақты қызметтерi үшiн не менеджментi үшiн комиссиялық төлемдер түрiнде немесе, банк мекемелерi жағдайларын қоспағанда, тұрақты мекемеге берiлген қарыз үшiн проценттер төлеу түрiнде кәсiпорынның бас офисiне немесе оның кез-келген басқа офисiне төлеген сомаларды (нақты шығындарды өтеуге арналған сомадан басқа), егер мұндай сомалар болса, шегерiп тастауға рұқсат етiлмейдi. Сондай-ақ тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде тұрақты мекеменiң патенттердi немесе басқа құқықтарды пайдаланғаны үшiн қайтарым ретiнде роялти, қаламақылар немесе осыған ұқсас басқа төлемдер есептеу түрiнде немесе көрсеткен нақты қызметтерi үшiн не менеджмент үшiн комиссиялық төлемдер есептеу түрiнде немесе банк мекемелерi жағдайларын қоспағанда, тұрақты мекеменiң бас офисiне оның кез-келген басқа офисi қарызға алған ақша қаражаты үшiн проценттер есептеу түрiнде кәсiпорынның бас офисiне немесе оның кез-келген басқа офисiне есептелген сомалары есепке алынбайды.
      4. Пайданың ешқайсысы тұрақты мекеменiң кәсiпорын үшiн тауарлар немесе бұйымдар сатып алғаны үшiн ғана осы тұрақты мекемеге есептелмейдi.
      5. Алдыңғы тармақтардың мақсаттары үшiн тұрақты мекемеге қатысты пайда, егер мұндай тәртiптi өзгерту үшiн дәлелдi және жеткiлiктi себептер болмаса, жыл сайын бiрдей тәсiлмен айқындалады.
      6. Пайда осы Конвенцияның басқа баптарында бөлек айтылған табыс түрлерiн қамтыған жағдайда осы баптың ережелерi бұл баптардың ережелерiн қозғамайды.
 
                                8-бап
                      Теңiз және әуе көлiгi
 
      1. Халықаралық тасымалда теңiз және әуе кемелерiн пайдаланудан алынған пайдаға кәсiпорын резидентi болып табылатын және кәсiпорынның тиiмдi басқару орыны орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Осы баптың мақсаттары үшiн халықаралық тасымалда теңiз және әуе кемелерiн пайдаланудан алынған пайда теңiз және әуе кемелерiн халықаралық тасымалдарда пайдаланғанда оларды фрахталау арқылы жалға беруден алынған пайданы қамтиды, мұндай жағдайда жалдама пайда 1-тармақта сипатталған пайдаға қосарлас болуы керек.
      3. 1-тармақтың ережелерi сондай-ақ пулға, бiрлескен кәсiпорынға немесе көлiк құралдарын пайдалану жөнiндегi халықаралық ұйымға қатысудан алынған пайдаға да қолданылады.
 
                               9-бап
                Ассоциацияланған кәсiпорындар
 
      1. Егер:
      а) Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының басқаруына, бақылауына немесе капиталына тiкелей яки жанама түрде қатысса;
      немесе
      б) белгiлi бiр тұлғалар Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының және басқа Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының басқаруына, бақылауына немесе капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса;
      және әрбiр жағдайда екi кәсiпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржы қатынастарында екi тәуелсiз кәсiпорынның арасында орын алуы мүмкiн қатынастардан өзгеше қатынастар жасалса немесе орнықса, онда олардың бiреуiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осы жағдайлардың болмауы себептi оған есептелмеген кез-келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына енгiзiлiп, оған тиiстi салық салынуы мүмкiн. Солай бола тұрса да ассоциацияланған кәсiпорындардың басшылық, жалпы әкiмшiлiк, техникалық және коммерциялық шығындарды, зерттеу мен дамытуға арналған шығындарды және осыларға ұқсас басқа да шығындарды бөлеуге арналған немесе соның негiзiнде шығындарды бiрлесiп өтеу туралы келiсiм немесе жалпы сервистiк келiсiмдер секiлдi уағдаластықтар жасау фактiсiнiң өзi осының алдындағы сөйлемде айтылған шарт болып табылмайды деп түсiнiледi.
      2. Егер Уағдаласушы Мемлекет басқа Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының осы басқа Мемлекетте салық салынатын пайдасын осы Мемлекет кәсiпорынының пайдасына қосса және тиiсiнше салық салса және осылай қосылған пайда екi кәсiпорын арасында жасалған жағдайлар тәуелсiз кәсiпорындар арасында орналасқан жағдайларда болғанда, бiрiншi аталған Мемлекеттiң кәсiпорнына есептелетiндей пайда болып табылса, онда осы басқа Мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына тиiстi түзетулер жасайды. Мұндай түзетулердi айқындау кезiнде осы Конвенцияның басқа ережелерi қаралуға тиiс және Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары қажет болған жағдайда бiр-бiрiмен ақылдасып отырады.
 
                               10-бап
                            Дивидендтер
 
      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн дивидендтерiне осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда мұндай дивидендтер сондай-ақ осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес дивидендтер төлейтiн компания резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте де салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер дивидендтер алушы оның нақты иесi болса, онда осылай алынатын салық:
      а) егер дивидендтердiң нақты иесi дивидендтер төлейтiн компания капиталының кемiнде 10 процентiн тiкелей немесе жанама түрде иеленiп отырған компания болса, дивидендтердiң жалпы сомасының 5 процентiнен;
      б) қалған барлық жағдайларда дивидендтердiң жалпы сомасының 15 процентiнен аспайтын болады.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары 2-тармақты қолдануды өзара келiсе отырып айқындайды.
      4. 2-тармақ ережелерiнiң дивидендтер төленiп отырған пайдасына қатысты компанияға салық салуға қатысы жоқ.
      5. "Дивидендтер" терминi осы бапта пайдаланған акциялардан, "жуиссанс" акцияларынан немесе "жуиссанс" құқықтарынан, тау-кен акцияларынан, құрылтайшылардың акцияларынан, борыш талаптары болып табылмайтын акциялардан немесе құқықтардан, пайдаға қатысудан алынатын табысты, сондай-ақ пайданы бөлетiн компания резидентi болып табылатын Мемлекеттiң заңдарына сәйкес акциялардан алынатын табыс секiлдi нақ осындай салық реттеуiне жататын басқа да корпоративтiк құқықтардан алынатын табысты бiлдiредi.
      6. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын дивидендтердiң нақты иесi дивидендтер төлейтiн компания резидентi болып отырған басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы онда кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және төленiп жүрген дивидендтерге қатысы бар холдинг шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
      7. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания басқа Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алып тұрған болса, осы басқа Мемлекет, мұндай дивидендтер осы басқа Мемлекеттiң резидентiне төленетiн немесе өзiне қатысты дивидендтер төленетiн холдинг шын мәнiнде осы басқа Мемлекеттегi тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болатын жағдайды қоспағанда, компания төлейтiн дивидендтерге қандай да болсын салық сала алмайды, сондай-ақ тiптi дивидендтер төленiп тұрған немесе бөлiнбеген пайда тұтастай немесе iшiнара осы басқа Мемлекетте пайда болған пайдадан немесе табыстан құралған күннiң өзiнде компанияның бөлiнбеген пайдасына бөлiнбеген пайдаға салынатын салық салынбайды.
      8. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы алған пайдаға 7-баптың ережелерiне сәйкес салық салынып, осы тұрақты мекемеге қайта инвестицияланатын кез-келген сома шегерiлгеннен кейiн қалған сомаға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн, бiрақ осылай алынған қосымша салық осы баптың 2-тармағының (а) тармақшасында көзделген проценттерден аспайтын болады. Алайда егер тиiстi салық салынатын жылы тұрақты мекеменiң пайдасы 100 000 американ долларынан аспаса, бұл қосымша салық алынбайды.
 
                            11-бап
                          Проценттер
 
      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн проценттерге тек осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда мұндай проценттерге сондай-ақ олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер проценттер алушы оның нақты иесi болса, онда осылай алынатын салық проценттердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспайтын болады.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары 2-тармақты қолдану әдiсiн өзара келiсе отырып айқындайды.
      4. "Проценттер" терминi осы бапта пайдаланғанда кепiлмен қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген және қарызгердiң пайдасына қатысуға құқық беретiн немесе құқық бермейтiн борыш талаптарының әртүрлi түрiнен алынатын табысты және атап айтқанда, Үкiметтiң бағалы қағаздарынан алынатын табысты және облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынатын табысты, соның iшiнде осы бағалы қағаздар, облигациялар немесе борыштық мiндеттемелер бойынша төленетiн сыйақылар мен ұтыстарды бiлдiредi. Уақтылы төленбеген төлемдер үшiн айыппұлдар осы баптың мақсаттары үшiн проценттер ретiнде қарастырылмайды.
      5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын проценттердiң нақты иесi проценттер пайда болатын басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және өзiне қатысты проценттер төленетiн борыш талабы шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндайда жағдайға қарай 7-баптың немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
      6. Проценттер төлеушi Уағдаласушы Мемлекеттiң өзi, оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесi, жергiлiктi өкiмет органы немесе осы Мемлекеттiң резидентi болғанда, олар осы Мемлекетте пайда болған деп есептеледi. Алайда, егер проценттер төлейтiн тұлғаның ол Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па - осыған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса, проценттер төленетiн қарыз соларға байланысты пайда болса және осындай проценттердi осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтiн болса, онда мұндай проценттер осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болған деп есептеледi.
      7. Егер проценттер төлеушi мен олардың нақты иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында арнайы қатынастар болуына байланысты борыштық талапқа қатысты және соның негiзiнде төленетiн проценттердiң жалпы сомасы осындай қатынастар болмай тұрғанда проценттер төлеушi мен олардың нақты иесi арасында келiсiле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Бұл жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерiн ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуға тиiс.
      8. 2-тармақтың ережелерiне қарамастан:
      а) Мемлекеттердiң бiрiнде пайда болған және облигацияларға, борыштық мiндеттемелерге немесе осы Мемлекет Үкiметiнiң, осы Мемлекеттiң орталық банкiнiң, саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесiнiң немесе жергiлiктi өкiмет органының осындай басқа да мiндеттемелерiне қатысты төленетiн проценттер осы Мемлекетте салықтан босатылады;
      б) Мемлекеттердiң бiрiнде пайда болатын және облигацияларға, борыштық мiндеттемелерге немесе басқа да ұқсас мiндеттемелерге қатысты басқа Мемлекеттiң Үкiметiне, басқа Мемлекеттiң орталық банкiне, саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесiне немесе жергiлiктi өкiмет органына төленетiн проценттер бiрiншi аталған Мемлекетте салықтан босатылады;
      в) Мемлекеттердiң бiрiнде пайда болатын және басқа Мемлекеттiң Үкiметi, басқа Мемлекеттiң орталық банкi немесе осы басқа Үкiмет иеленетiн не бақылайтын кез-келген агенттiк яки мекеме (соның iшiнде қаржы мекемесi) кепiлдiк берiп, сақтандырылған займдарға қатысты төленетiн проценттер бiрiншi аталған Мемлекетте салықтан босатылады.
 
                              12-бап
                              Роялти
 
      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда мұндай роялтиге сондай-ақ ол пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер роялти алушы және оның нақты иесi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болса, онда осылайша алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспауы тиiс.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары 2-тармақты қолдану әдiсiн өзара келiсе отырып айқындайды.
      4. "Роялти" терминi осы бапта пайдаланылғанда:
      а) әдебиет, өнер немесе ғылым шығармаларына, соның iшiнде кинематографиялық фильмдерге, кез-келген патенттерге, сауда маркасына, дизайнға немесе модельге, жоспарға, құпия формулаға яки процеске немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық не ғылыми сипаты бар ақпарат (ноу-хау) үшiн берiлетiн кез-келген авторлық құқықты; және
      б) өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны үшiн және пайдалану құқығы үшiн сыйақы ретiнде алынатын төлемдердiң кез-келген түрiн бiлдiредi.
      5. Осы баптың 2-тармағына қарамастан, осы баптың 4-тармағының
б) тармақшасында көрсетiлгендей, жалға беруге қатысты алынатын роялтидiң нақты иесi роялти пайда болған Уағдаласушы Мемлекетте өздерiне қатысты осындай роялти төленiп отырған құқық немесе меншiк шын мәнiнде осы Мемлекеттегi тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болғандай салық салу тәсiлiн таңдап ала алады. Мұндай жағдайда ретiне қарай осындай құқыққа немесе меншiкке қатысты табыс пен шегерулерге (соның iшiнде амортизацияға) осы Конвенцияның 7-бабының немесе 14-бабының ережелерi қолданылуы мүмкiн.
      6. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын роялтидiң нақты иесi роялти пайда болған басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте орналасқан базадан онда тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және роялти өздерiне қатысты төленетiн құқық немесе меншiк шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндайда жағдайға қарай 7-баптың немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
      7. Роялти төлеушi Уағдаласушы Мемлекеттiң өзi, саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесi, осы Мемлекеттiң жергiлiктi органы немесе резидентi болғанда, ол осы Мемлекетте пайда болған деп есептеледi. Алайда, егер роялти төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па - осыған қарамастан оның Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса, соларға байланысты роялти төлеу мiндеттемесi туындаса және мұнай роялти осы тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болған деп есептеледi.
      8. Егер роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында арнайы қатынастар болуына байланысты өзiне қатысты төленетiн пайдалануға, құқыққа немесе ақпаратқа қатысты роялтидiң сомасы осындай қатынастар болмай тұрғанда роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында келiсiле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Бұл жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерiн тиiсiнше ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуға тиiс.
 
                            13-бап
          Мүлiк құнының өсiмiмен алынатын табыстар
 
      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан және 6-бапта айқындалғандай жылжымайтын мүлiктi шеттетуден алған табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi акцияларды (ресми танылған биржада бағаланатын акциялардан өзге акцияларды) немесе өзiнiң табиғаты жағынан ұқсас, құны негiзiнен басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктiң құнынан тұратын басқа да құқықтарды шеттетуден алған табыстарға басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн. Осы тармақтың мақсаттары үшiн "жылжымайтын мүлiк" терминi сондай-ақ компанияның құны негiзiнен жылжымайтын мүлiктiң құнынан тұратын компания акцияларын (немесе басқа да ұқсас құқықтарды) қамтиды, бiрақ егер тек компанияның (немесе басқа экономикалық бiрлiктiң) кәсiпкерлiк қызметi негiзiнен жылжымайтын мүлiктi иелену, сатып алу немесе сату болып табылмаса, соның көмегiмен компанияның (немесе басқа экономикалық бiрлiктiң) кәсiпкерлiк қызметi жүзеге асырылатын мүлiктi қамтымайды.
      3. Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорынның басқа Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты мекемесiнiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiктi шеттетуден немесе Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң басқа Уағдаласушы Мемлекетте қарауында бар тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлiктен тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн алынған табыстарға, соның iшiнде осындай тұрақты мекеменi (жекелей немесе бүкiл кәсiпорынмен қоса алғанда) яки осындай тұрақты базаны шеттетуден алынған осындай табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      4. Халықаралық тасымалда пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемелерiн яки осындай теңiз әуе кемелерiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiктi шеттетуден алынған табыстарға кәсiпорын резидентi болып табылатын және кәсiпорынды тиiмдi басқару орыны орналасқан осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      5. 1, 2, 3 және 4-тармақтарды ескертiлгеннен өзге кез-келген мүлiктi шеттетуден алынған табыстарға мүлiктi шеттетушi тұлға резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      6. 5-тармақтың ережелерi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын және акцияларды немесе "жуиссанс" құқықтарын шеттетудiң алдындағы соңғы бес жыл iшiнде бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентi болған жеке тұлға капиталы түгел немесе iшiнара акцияларға салынған және осы Мемлекеттiң заңдары бойынша осы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компаниядағы акцияларды немесе "жуиссанс" құқықтарын шеттетуден алатын табыстарға Уағдаласушы Мемлекеттердiң әрқайсысының өздерiнiң жеке заңдарына сәйкес салық салу құқығын қозғамайды.
 
                              14-бап
                   Тәуелсiз жеке қызметтер
 
      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын жеке тұлға сипаттағы кәсiптiк қызметтерге немесе басқа қызметтерге яки басқа қызметке қатысты алған табысқа, егер тек мұндай қызметтер басқа Уағдаласушы Мемлекетте көрсетiлмесе немесе көрсетiлмеген болса; және
      а) табыс жеке тұлға басқа Мемлекетте тұрақты негiзде ие болып отырған немесе ие болған тұрақты базаға қатысты болса; немесе
      б) осындай жеке тұлға кез-келген реттегi 12 айлық кезеңде жалпы ұзақтығы 183 күннен асатын кезең немесе кезеңдер бойы осы басқа Мемлекетте жүрсе немесе жүрген болса, тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      Мұндай жағдайда қызметтерге байланысты табысқа кәсiпкерлiк қызметтен алынған пайданың және тұрақты мекемеге жатқызылатын пайданың сомасын айқындайтын 7-баптағыдай қағидаттарға сәйкес осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. "Кәсiптiк қызметтер" терминi, атап айтқанда, тәуелсiз ғылыми, әдеби, артистiк, бiлiм беру немесе оқытушылық қызметтердi, сондай-ақ дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, инженерлердiң, сәулетшiлердiң, тiс дәрiгерлерiнiң және бухгалтерлердiң тәуелсiз қызметтерiн қамтиды.
 
                             15-бап
                   Тәуелдi жеке қызметтер
 
      1. 16, 18, 19 және 20-баптардың ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi жалдамалы жұмысқа байланысты алған ырзықақыға, жалақыға және басқа осындай сыйақыларға, егер тек жалдамалы жұмыс басқа Уағдаласушы Мемлекетте орындалмайтын болса, тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалдамалы жұмыс осылайша атқарылатын болса, сол жерден алынған осындай сыйақыға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер:
      а) сыйақы алушы басталғалы немесе аяқталғалы отырған тиiстi қаржы жылында кез-келген реттегi 12 айлық кезеңде жалпы ұзақтығы 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы осы Мемлекетте болса; және
      б) сыйақыны басқа Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын

 

жалдаушы төлесе немесе ол жалдаушының атынан төленсе; және

     в) сыйақыны жалдаушының басқа Мемлекеттегi тұрақты мекемесi

немесе тұрақты базасы төлемесе,

     1-тармақтың ережелерiне қарамастан Уағдаласушы Мемлекеттiң

резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекетте атқарылған жалдамалы жұмысқа

байланысты алған сыйақыға тек бiрiншi аталған Мемлекетте ғана салық

салынады.

     3. Осы баптың осының алдындағы ережелерiне қарамастан

Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi халықаралық тасымалда

пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемесiнiң бортында атқарылатын

жалдамалы жұмысқа қатысты алған сыйақыға тек осы Мемлекетте ғана

салық салынады.


                               16-бап

                    Директорлардың сыйақылары



 
       Басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын және осы қызметке акционерлердiң жалпы жиналысы немесе осындай компанияның кез-келген басқа құзырлы органы тағайындайтын және мiндеттерiнiң аумағына компанияға жалпы басшылық жасау немесе оның қызметiн бақылауға кiретiн компанияның директорлар кеңесiнiң немесе соған ұқсас органның мүшесi "bestuurdder" немесе "commissaris" ретiнде Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған директорлардың сыйақыларына немесе басқа да осындай төлемдерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
 

                                17-бап



 
                        Артистер мен спортшылар
 
      1. 14 және 15-баптардың ережелерiне қарамастан Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi театр, кино, радио немесе теледидар артисi яки сазгер секiлдi өнер қызметкерi ретiнде немесе спортшы ретiнде оның басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын жеке қызметiнен алған табысқа осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер өнер қызметкерi немесе спортшы өзiнiң осы тұрпатында жүзеге асыратын жеке қызметiне қатысты табыс өнер қызметкерiнiң немесе спортшының өзiне емес, басқа тұлғаға есептелсе, онда осы табысқа 7, 14 және 15-баптардың ережелерiне қарамастан өнер қызметкерiнiң немесе спортшының қызметi жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
 
                                18-бап
                   Зейнетақылар және аннуитеттер
 
      1. 19-баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне бұрын жүзеге асырған жұмысы үшiн төленетiн зейнетақылар мен басқа да осындай сыйақыларға және кез-келген аннуитетке тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Алайда, егер мұндай сыйақылар мерзiмдi сипатта болмаса және олар басқа Уағдаласушы Мемлекетте бұрын атқарған жұмысы үшiн төленсе немесе егер аннуитет құқығының орнына тұрақты сома төленсе, осы сыйақыларға немесе осы iрi сомаға олар пайда болған Уағдаласушы Мемлекетке салық салынады.
      3. "Аннуитет" терминi ақшамен немесе ақшаға шаққандағы баламалы және толық өтемақының орнына осындай төлемдер қабылданған мiндеттемеге сәйкес бүкiл өмiр бойы немесе айқындалған яки белгiленетiн кезеңге белгiленген уақытта мерзiмдi төленiп тұратын белгiленген соманы бiлдiредi.
 
                              19-бап
               Мемлекеттiк қызмет және әлеуметтiк
                    қамсыздандыру төлемдерi
 
      1. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесi яки олардың жергiлiктi өкiмет органдары осы Мемлекетке немесе бөлiмшесiне не өкiмет органына көрсетiлетiн қызметке қатысты кез-келген жеке тұлғаға төлейтiн зейнетақыдан өзге сыйақыға осы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн;
      б) Алайда, егер қызмет осы Мемлекетте жүзеге асырылса және жеке тұлға осы Мемлекеттiң резидентi бола отырып сондай-ақ:
      1. Осы Мемлекеттiң азаматы болса; немесе
      2. Қызметтi жүзеге асыру мақсаты үшiн ғана осы Мемлекеттiң резидентi болудан қалса, мұндай сыйақыға тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесi яки жергiлiктi өкiмет органы жеке тұлғаға осы Мемлекет немесе бөлiмше яки өкiмет органы үшiн жүзеге асырған қызметi үшiн төлейтiн немесе олар құрған қорлардан төленетiн кез-келген зейнетақыға осы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      б) Алайда, егер жеке тұлға осы Мемлекеттiң резидентi және азаматы болса, мұндай зейнетақыға тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      3. 15, 16 және 18-баптардың ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесiнiң яки жергiлiктi өкiмет органының кәсiпкерлiк қызметтi атқаруына байланысты жүзеге асырылған қызметке қатысты сыйақылар мен зейнетақыларға қолданылады.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттiң әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң ережелерiне сәйкес басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн кез-келген зейнетақы мен басқа да төлемге бiрiншi аталған Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
 
                                20-бап
                   Профессорлар және оқытушылар
 
      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын және сабақ беру немесе ғылыми зерттеу мақсаттары үшiн екi жыл болатын ең ұзақ кезең бойы басқа Уағдаласушы Мемлекетте тұрып жатқан, басқа Уағдаласушы Мемлекеттегi университетте, колледжде немесе басқа да бiлiм беру яки ғылыми-зерттеу мекемесiнде осындай сабақ беру немесе зерттеу мақсатымен жүрген профессорға не оқытушыға төленетiн төлемдерге тек бiрiншi аталған Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Егер мұндай зерттеулер қоғамдық мүдделердi көздемей, қайта негiзiнен алғанда, жеке тұлғаның немесе тұлғалардың бас пайдасы үшiн жасалса, осы бап зерттеу жұмысынан алынған табыстарға қолданылмайды.
 
                               21-бап
             Студенттер, стажерлер және зерттеушiлер
 
      1. Уағдаласушы Мемлекетке сапарының басында басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын және осы басқа Мемлекетте:
      а) осы басқа Мемлекеттегi Университетте немесе танымалы басқа оқу орнында оқу; немесе
      б) мамандығы бойынша жұмыс iстеу немесе бiлiктiлiк алу үшiн қажеттi стажировкадан өту; немесе
      в) үкiмет, дiни, қайырымдылық, ғылыми, әдеби немесе бiлiм беру ұйымдарынан стипендия, жәрдемақы немесе басқа да осындай төлемдер алушы бола отырып, оқу яки зерттеу жүргiзу сияқты негiзгi мақсатпен уақытша жүрген жеке тұлға осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте оның тұруы, бiлiм алуы, оқуы, зерттеулер жүргiзуi немесе тәжiрибеден өтуi мақсаттары үшiн шет елден алынған төлемдерге қатысты, сондай-ақ стипендияға, жәрдемақыға немесе басқа да осындай төлемдерге қатысты салықтан босатылады.
      2. 1-тармақта көзделген жеңiлдiк әдетте оқуды, стажировкадан өтудi немесе зерттеудi аяқтау үшiн қажет болатын уақыт кезеңi iшiнде ғана қолданылады; бұл орайда стажировкадан өтуге қатысты жеңiлдiк 2 жылдан ұзақ кезеңге созылмайды және оқу немесе зерттеу үшiн бұл кезең 5 жылдан аспайды.
      3. Егер зерттеу қызметi қоғамдық мүдделердi көздемей, қайта негiзiнен алғанда, жеке тұлғаның немесе тұлғалардың бас пайдасы үшiн жасалса, осы бап мұндай зерттеулерден алынған табыстарға қолданылмайды.
 
                              22-бап
                         Басқа табыстар
 
      1. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң осы Конвенцияның бұдан бұрынғы баптарында қарастырылмаған табыс түрлерiне, олар қайда пайда болмаса, тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Егер осындай табыстарды алушы Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң резидентi бола отырып, басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базаның көмегiмен тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және өзiне қатысты табыс

 

алынған құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге

немесе тұрақты базаға қатысты болса, 6-баптың 2-тармағында

айқындалған жылжымайтын мүлiктен алынған табыстардан өзге табыстарға

1-тармақтың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай

7-баптың немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.


                               4-ТАРАУ

                       Капиталға салық салу


                               23-бап

                               Капитал



 
       1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне тиесiлi және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан 6-бапта аталған жылжымайтын мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекеменiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiк немесе басқа Уағдаласушы Мемлекетте Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң қарауындағы тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңiз және әуе кемелерi және осындай теңiз және әуе кемелерiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға кәсiпорын резидентi болып табылатын және кәсiпорынның нақты басшылық орыны орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      4. Уағдаласушы Мемлекет резидентi капиталының барлық басқа элементтерiне тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
 

                                5-ТАРАУ



 
                       Қосарланған салық салуды жою
 

                                24-бап



 
                       Қосарланған салық салуды жою
 
      1. Қазақстан жағдайында қосарланған салық салу былай жойылады:
      а) Егер Қазақстанның резидентi осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес Нидерландыда салық салынуы мүмкiн табыс тапса немесе капиталға ие болса, Қазақстан:
      1) осы резиденттiң табысына салынатын салықтан Нидерландыда төленген табыс салығына тең соманы шегерiп тастауға;
      2) осы резиденттiң капиталына салынатын салықтан Нидерландыда төленген капиталға салынған салыққа тең соманы шегерiп тастауға мүмкiндiк бередi.
      Бұл шегерулер алайда кез-келген жағдайда ретiне қарай Нидерландыда салық салынуы мүмкiн табысқа немесе капиталға қатысты шегеру жасалғанға дейiн есептелген табыстан алынатын салықтың бiр бөлiгiнен аспауға тиiс:
      б) Егер Қазақстанның резидентi осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес тек Нидерландыда ғана салық салынатын табыс тапса немесе капиталға ие болса, Қазақстан осы табысты немесе капиталды салық салу базасына, бiрақ Қазақстанда салық салынатын осындай басқа табысқа немесе капиталға салынатын салық ставкасын белгiлеу мақсаттары үшiн ғана енгiзе алады.
      2. Нидерланды өзiнiң резиденттерiне салық салған кезде сол бойынша осындай салық өндiрiлiп алынатын базаға табыс пен капиталдың осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес Қазақстанда салық салынуы мүмкiн баптарын қоса алады.
      3. Алайда, егер Нидерландының резидентi осы Конвенцияның 6-бабына, 7-бабына, 10-бабының 6-тармағына, 11-бабының 5-тармағына, 12-бабының 6-тармағына, 13-бабының 1 және 3-тармақтарына, 14-бабына, 15-бабының 1-тармағына, 19-бабының 1 (а тармақшасы), 2 (а тармақшасы) тармақтарына және 19-баптың 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстанда салық салынуы мүмкiн және 1-тармақта ескертiлген базаға қосылатын табыс көздерiн алса, онда Нидерланды табыстың мұндай баптарын өз салығынан жеңiлдiктер беру арқылы салықтан босатады. Мұндай жеңiлдiк қосарланған салық салуды жою туралы Нидерланды заңының ережелерiне сәйкес есептеледi. Осы мақсаттар үшiн табыстың бұл көздерi осы ережелерге сәйкес Нидерланды салығынан босатылатын табыс көздерiнiң жалпы сомасына қосылған болып есептеледi.
      4. Бұдан әрi Нидерланды осы Конвенцияның 10-бабының 2-тармағына, 11-бабының 2-тармағына, 12-бабының 2 және 5-тармақтарына, 13-бабының 2 және 6-тармақтарына, 16-бабына, 17-бабына, 18-бабының 2-тармағына және 23-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес 1-тармақта ескертiлген базаға осы баптар қосылатындай дәрежеде Қазақстанда салық салынуы мүмкiн табыс көздерi бойынша Нидерланды салығынан немесе капиталынан шегерiм жасайды. Мұндай шегерiм сомасы табыстың немесе капиталдың осы көздерi бойынша

 

Қазақстанда төленген салық сомасына тең болады, бiрақ ол, егер

табыстың немесе капиталдың осындай ретпен қосылған көздерi

қосарланған салық салуды жою туралы Нидерланды заңының ережелерiне

сәйкес Нидерланды салығынан босатылатын табыстың немесе капиталдың

бiрден-бiр көздерi болғанда берiлуi мүмкiн жеңiлдiк сомасынан

аспауға тиiс.


                              6-ТАРАУ

                          Арнаулы ережелер


                              25-бап

                         Оффшорлық қызмет



 
       1. Осы баптың ережелерi осы Конвенцияның кез-келген басқа ережелерiне қарамастан қолданылады. Алайда, егер тұлғаның оффшорлық қызметi осы тұлға үшiн 5-баптың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме немесе 14-баптың ережелерiне сәйкес тұрақты база болған жағдайда осы бап қолданылмайды.
      2. Бұл бапта "оффшорлық қызмет" терминi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан теңiз түбi мен оның қойнауын және олардың табиғи ресурстарын барлаумен немесе пайдаланумен байланысты жағдайлардан бiрқыдыру қашықтықта жүзеге асырылатын қызметтi бiлдiредi.
      3. Басқа Уағдаласушы Мемлекетте оффшорлық қызметпен айналысатын Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны, егер тек мұндай оффшорлық қызмет басқа Мемлекетте кез-келген 12 айлық кезеңде жалпы ұзақтығы 30 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы жүзеге асырылмаса, осы баптың 4-тармағын ескере отырып, осы қызметке қатысты сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысқан болып есептеледi.
      Осы тармақтың мақсаттары үшiн:
      а) егер басқа Уағдаласушы Мемлекетте оффшорлық қызметпен айналысатын кәсiпорын басқа кәсiпорынмен байланыста болса және осы басқа кәсiпорын нақ сол жобаның бiр бөлiгi ретiнде бiрiншi аталған кәсiпорын айналысатын немесе айналысқан нақ сол оффшорлық қызметтi жалғастырса және сондай-ақ кәсiпорындардың екеуi де айналысатын жоғарыда аталған қызмет - бәрiн қосқанда - 30 күн болатын кезеңнен артып кетсе, онда әрбiр кәсiпорын өз қызметiн 12 айлық кезеңде 30 күннен аспайтын кезеңде жүзеге асырған болып есептеледi;
      б) егер бiр кәсiпорын басқа бiр кәсiпорын капиталының, тым болмағанда үштен бiрiн тiкелей яки жанама түрде иеленiп отырса немесе егер тұлға кәсiпорындардың екеуiнiң де капиталының тым болмағанда үштен бiрiн тiкелей яки жанама түрде иеленiп отырса, ол басқа бiр кәсiпорынмен байланысты кәсiпорын ретiнде қарастырылады.
      4. Алайда осы баптың 3-тармағының мақсаты үшiн "оффшорлық қызмет" терминi:
      а) 5-баптың 4-тармағында ескертiлген қызметтердiң бiрiн немесе олардың кез-келген қосындысын;
      б) негiзiнен осы мақсат үшiн жасалған кемелермен сүйретудi немесе зәкiрлiк басқаруды және осы кемелермен орындалатын кез-келген басқа операцияларды;
      в) халықаралық тасымалда теңiз немесе әуе кемелерiмен қорлар немесе адамдар тасымалдауды қамтымайды.
      5. Басқа Уағдаласушы Мемлекетте кәсiби қызметтерден немесе тәуелсiз сипаттағы басқа қызметтен тұратын оффшорлық қызметпен айналысатын Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi, егер бұл оффшорлық қызмет 30 күн бойы немесе одан артық кезеңге созылса, осы қызметтi басқа Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты базадан жүзеге асырған болып есептеледi.
      6. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын оффшорлық қызметпен байланысты жұмысқа қатысты алатын жалақының, ырзықақы мен басқа да осындай сыйақылардың осы оффшорлық қызметтiң осы басқа Мемлекетте орындалған бөлiгiне осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      7. Егер осы баптың тиiсiнше 3-тармағы мен 5-тармағына, сондай-ақ осы баптың 6-тармағына байланысты 7-бапқа және 14-бапқа сәйкес Қазақстанда салық салынуы мүмкiн табыс көздерiне Қазақстанда салық төленгенi туралы құжатты айғақтама ұсынылса, Нидерланды 24-баптың 2-тармағында көзделген ережелерге сәйкес есептелетiн өз салығынан жеңiлдiк бередi.
 
                              26-бап
                            Кемсiтпеу
 
      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары нақ осындай жағдайларда осы басқа Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салуға немесе соған байланысты мiндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты салық салуға немесе соған байланысты мiндеттемеге басқа Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамайтын болады. Бұл ереже сондай-ақ 1-баптың ережелерiне қарамастан Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылмайтын тұлғаларға да қолданылады.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте ие тұрақты мекемеге салық салу осындай қызметпен айналысатын осы басқа Мемлекеттiң кәсiпорындарына салық салуға қарағанда осы басқа Мемлекетте қолайсыздау болмауға тиiс. Бұл ереже Уағдаласушы Мемлекеттi азаматтық мәртебесiне немесе отбасы жағдайына байланысты оның өз резиденттерiне берiлетiн қандай да болсын жеке салық жеңiлдiктерiн, шегерулер мен кемiтулердi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденттерiне беруге мiндеттейтiндей болып пайымдалмайды.
      3. 9-баптың 1-тармағының, 11-баптың 7-тармағының, 12-баптың 8-тармағының ережелерi қолданылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн проценттер, роялти және басқа төлемдер осындай кәсiпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсатында олар бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентiне қалай төленсе, нақ сондай жағдайларда шегерiлiп тасталуы тиiс. Осы секiлдi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнының басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi кез-келген борышы осындай кәсiпорынның салық салынатын капиталын айқындау мақсатында бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентiнiң қарызы қалай шегерiлсе, нақ сондай жағдайларда шегерiлiп тасталады.
      4. Капиталы басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резиденттерiне толық немесе iшiнара қарайтын немесе олар тiкелей не жанама түрде бақылайтын Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорындары бiрiншi аталған Мемлекеттiң кәсiпорындары бiрiншi аталған Мемлекеттiң басқа осындай кәсiпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салуға немесе соған байланысты мiндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты болатын кез-келген салық салуға немесе соған байланысты кез-келген мiндеттемелерге бiрiншi аталған Мемлекетте ұшырамауға тиiс.
      5. 2-баптың ережелерiне қарамастан осы баптың ережелерi кез-келген тұрпат пен түрдегi салықтарға қолданылады.
 
                             27-бап
                    Өзара келiсiм алу рәсiмi
 
      1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар етiп отыр немесе душар етедi деп есептесе, ол осы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында көзделген қорғану құралдарына қарамастан өзiнiң iсiн өзi резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң, немесе оның жағдайы 26-баптың 1-тармағына жатса, өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органдарының қарауына бере алады. Өтiнiш Конвенцияның ережелерiне сәйкес емес салық салуға душар еткен iс-әрекеттер туралы алғашқы хабар тиген күннен бастап үш жыл iшiнде берiлуi тиiс.
      2. Құзырлы орган, егер ол талапты орынды деп есептесе және өзi қанағаттанарлық шешiмге келе алмаса, Конвенцияға сәйкес келмейтiн салық салуды болдырмау мақсатында мәселенi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органдарымен келiсе отырып шешуге ұмтылады. Қол жеткен кез-келген уағдаластық Уағдаласушы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында бар қандай да бiр уақыт шектеулерiне қарамастан орындалуға тиiс.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары Конвенцияны пайымдау немесе қолдану кезiнде туындайтын кез-келген қиындықтарды немесе күдiктердi өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады. Олар сондай-ақ Конвенцияда ескерiлмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою үшiн бiр-бiрiмен ақылдаса алады.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары осының алдындағы тармақтарды ұғысуда келiсiмге қол жеткiзу мақсаттары үшiн бiр-бiрiмен тiкелей байланыс жасай алады.
      5. Егер осы Конвенцияны пайымдауға немесе қолдануға байланысты туындайтын кез-келген қиындықтарды немесе күдiктердi құзырлы органдар осы баптың мұның алдындағы тармақтарына сәйкес екi жылдық кезең iшiнде шеше алмаса, салық төлеушi(лер) келiсiм берген жағдайда, егер салық төлеушi(лер) төрелiк соттың шешiмiне бой ұсынуға жазбаша келiсiм берсе, мәселе төрелiк сотқа берiлуi мүмкiн. Төрелiк соттың әрбiр нақты жағдай бойынша осы жағдайға қатысты қабылдаған шешiмiн екi Мемлекет те орындауға мiндеттi. Рәсiмдiк мәселелердiң барлығы дипломатиялық арналар арқылы талқыланады. Осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн үш жылдан соң құзырлы органдар дипломатиялық ноталар алмасу қажеттiгiн ақылдасады. Осы тармақтың ережелерi мемлекеттер дипломатиялық ноталар алмасу арқылы келiсiмге келген соң күшiне енедi.
 
                                28-бап
                           Ақпарат алмасу
 
      1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары осы Конвенцияның ережелерiн немесе салық салу Конвенцияға қайшы келмейтiндей дәрежеде Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты Уағдаласушы Мемлекеттердiң iшкi заңдарын орындау үшiн қажеттi ақпарат алмасып тұрады. Ақпарат алмасу 1-баппен шектелiп қалмайды. Уағдаласушы Мемлекет алатын кез-келген ақпарат осы Мемлекеттiң iшкi заңдарының шеңберiнде алынған ақпарат секiлдi құпия болып есептеледi және Конвенция қолданылатын салықтарға баға берумен немесе оларды жинаумен, күштеп өндiрiп алумен немесе сотпен қудалаумен немесе осы салықтарға байланысты шағымдарды қараумен айналысатын тұлғаларға немесе органдарға ғана (соның iшiнде соттар мен әкiмшiлiк органдарға) хабарланады. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осындай мақсаттар үшiн ғана пайдаланылады. Олар бұл ақпаратты ашық сот мәжiлiсi барысында немесе сот шешiмдерiн қабылдаған кезде хабарлай алады.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттер төрелiк рәсiмiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты 27-баптың 5-тармағының ережелерiне сәйкес құрылған төрелiк сотқа хабарлай алады. Ақпаратты бұлай хабарлау 30-баптың ережелерiне сәйкес болуы тиiс. Төрелiк соттың мүшелерi осылайша хабарланған ақпаратқа қатысты осы баптың 1-тармағында сипатталған жария ету туралы рұқсатты басшылыққа алуға тиiс.
 
                               29-бап
                    Салық жинауда көмек көрсету
 
      1. Мемлекеттер өздерiнiң қолданылып жүрген заңдарына немесе әкiмшiлiк практикасына сәйкес осы Конвенция қолданылатын салықтар және аталған салықтарға байланысты салық салаларының кез-келген өсiмдерi, қосымша алымдар, мерзiмi өткен төлемдер, проценттер мен шығындар бойынша салық жинауға байланысты бiр-бiрiне көмек пен қолдау көрсетiп отыруға келіседi.
      2. Мәлiмдеушi-Мемлекеттiң өтiнiшi бойынша өтiнiштi орындаушы Мемлекет заңға және өзiнiң жеке салық мiндеттемелерiн жинауға байланысты әкiмшiлiк практикасына сәйкес бiрiншi аталған мемлекеттiң салық мiндеттемелерiн өндiрiп алады. Алайда мұндай мiндеттемелердiң осы мiндеттемелердi орындаушы Мемлекетте қандай да болсын басыңқы маңызы болмайды және қарызгердiң оның қарызы үшiн қамауға алу жолымен өндiрiлiп алына алмайды. Өтiнiштi орындаушы Мемлекет мәлiмдеушi-Мемлекеттiң заңдарында көзделмеген қандай да болсын орындалуға тиiстi шараларды қолдануға мiндеттi емес.
      3. 2-тармақтың ережелерi тапсырыс берушi Мемлекетте оларды күштеп өндiрiп алуға мүмкiндiк беретiн құжаттың негiздемесi болып табылатын салық мiндеттемелерiне ғана қолданылады және егер құзырлы органдар арасында өзге ескертпе жасалмаса, оларға қарсы дау айтылмайды.
      Алайда талап мәлiмдеушi-Мемлекеттiң резидентi емес тұлғаның салық мiндеттемесiне қатысты болса, 2-тармақ, егер құзырлы органдар өзге ескертпе жасалмаса, талапқа ендiгi жерде дау айтылмайтын жағдайда ғана қолданылады.
      4. Қайтыс болған адамға немесе оның заттарына қатысты салық талаптарын өндiрiп алу жөнiнде көмек көрсету мiндеттемесi әрбiр нақты зат алушы сатып алған заттың немесе мүлiктiң құнымен шектеледi, осыған сәйкес заттан немесе оны алушыдан мiндеттеме өндiрiлiп алынады.
      5. Егер:
      а) мәлiмдеушi-Мемлекет, мөлшерден артық қиындықтың пайда болуына әкелiп соқтыруы мүмкiн құралдарды қоспағанда, өзiнiң аумағында қолы жетерлiк барлық құралдарды пайдаланбаған болса;
      б) ол салық талабы осы Конвенцияның немесе осы екi Мемлекеттiң арасында жасалған кез-келген басқа Конвенцияның ережелерiне қайшы келедi деп есептесе, өтiнiштi орындаушы Мемлекет өтiнiшпен келiсуге мiндеттi емес.
      6. Салық талабын орындатқызу жөнiнде әкiмшiлiк көмек көрсету туралы өтiнiшке мыналар қоса тiркеледi:
      а) салық талабы Конвенция қолданылатын салыққа қатысты екенi және 3-тармақтың шарттары сақталғаны туралы декларация;
      б) мәлiмдеушi-Мемлекетте салықты күштеп өндiрiп алуға мүмкiндiк беретiн құжаттың ресми көшiрмесi;
      в) салықты өндiрiп алу үшiн қажет кез-келген басқа құжат;
      г) қажет болған жағдайда салықты өндiрiп алу туралы әкiмшiлiк орган немесе мемлекеттiк сот қабылдаған кез-келген шешiмдi растайтын куәландырылған көшiрме.
      7. Мәлiмдеушi-Мемлекет өндiрiп алынатын салық талабы сомасын мәлiмдеушi-Мемлекеттiң валютасымен де, осы өтiнiштi орындаушы Мемлекеттiң валютасымен де көрсетедi. Мәлiмдеушi-Мемлекеттiң неғұрлым көрнектi айырбас нарығында немесе нарықтарында белгiленген валюта сатудың соңғы бағамы осының алдындағы сөйлемнiң мақсатында қолданылуға тиiс айырбас бағамы болып табылады. Өтiнiштi орындаушы Мемлекет өндiрiп алған әрбiр салық сомасы өтiнiштi орындаушы Мемлекеттiң валютасымен мәлiмдеушi-Мемлекетке аударылады. Ақша аудару өндiрiп алынған уақыттан бастап бiр ай iшiнде жүргiзiледi.
      8. Мәлiмдеушi-Мемлекеттiң өтiнiшi бойынша өтiнiштi орындаушы Мемлекет, тiптi талапқа дау айтылған немесе ол күштеп өндiрiп алуға мүмкiндiк беретiн құжат үшiн әзiрше негiздеме болып табылмаған күннiң өзiнде, мұның өзi өтiнiштi орындаушы Мемлекеттiң заңдары мен әкiмшiлiк практикасына сәйкес келетiндiктен салық сомасы өндiрiп алу мақсатында "жылы жауып қою" шараларын қолданады.
      9. Мәлiмдеушi-Мемлекетте күштеп өндiрiп алуға мүмкiндiк беретiн құжат, егер ол орынды болса және өтiнiштi орындаушы Мемлекеттiң қолданылып жүрген ережелерiне сәйкес келсе, өтiнiштi орындаушы Мемлекетте күштеп өндiрiп алуға мүмкiндiк беретiн құжатпен көмек көрсету туралы өтiнiш алынғаннан кейiн ол мүмкiн болғанынша тез қабылдап алынады, танылады, толықтырылады немесе алмастырылады.
      10. Одан тыс жағдайда салық мiндеттемесiн өндiрiп алуға болмайтын кез-келген қатысты мәселелер мәлiмдеушi-Мемлекеттiң заңына сәйкес шешiледi. Салықты өндiрiп алу жөнiнде көмек көрсету туралы өтiнiшке осы кезеңге қатысты мән-жайлар баяндалады.
      11. Өтiнiштi орындаушы Мемлекеттiң салықты өндiрiп алуға байланысты осындай көмек көрсету туралы өтiнiштi орындау жөнiнде жасаған iс-әрекеттерi осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес 10-тармақта ескертiлген кезеңдi тоқтата тұру немесе тоқтатып тастау нәтижесiн берсе, мәлiмдеушi-Мемлекеттiң заңдары бойынша да нақ осындай нәтиже беруi тиiс.
      12. Өтiнiштi орындаушы Мемлекет, егер оның заңдарында немесе әкiмшiлiк практикасында мұндай жағдайларда төлем мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе бөлшектеп төлеу көзделген болса, бұған мүмкiндiк жасай алады; бiрақ ол бұл жайында алдымен мәлiмдеушi-Мемлекетке хабарлауы тиiс.
      13. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары өзара келiсiм бойынша көмек көрсету туралы өтiнiште көрсетiлетiн салық мiндеттемелерiнiң ең аз сомасына қатысты ережелердi көздейдi.
      14. Мемлекеттер осы Конвенцияны қолданған кезде олар бiр-бiрiне көрсететiн тиiстi көмек пен қолдауға кеткен шығындарды өтеуден өзара бас тартады. Мәлiмдеушi-Мемлекет кез-келген жағдайда мәлiмдеушi-Мемлекетте күштеп өндiрiп алуға мүмкiндiк беретiн тиiстi салық талабының нақтылығына немесе құжаттың заңдылығына қатысты орынсыз болып шыққан өндiрiп алу жөнiндегi iс-әрекеттердiң қаржы зардаптары үшiн өтiнiштi орындаушы Мемлекеттiң алдында жауапты болып қала бередi.
 
                              30-бап
            28 және 29-баптардың қолданылу күшiн шектеу
 
      28 және 29-баптардың ережелерi ешбiр жағдайда Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiне:
      а) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары мен әкiмшiлiк практикасына қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларын жүзеге асыру;
      б) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына немесе үйреншiктi әкiмшiлiк практикасына сәйкес берiлмейтiн ақпаратты беру;
      в) кез-келген сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсiптiк құпияны не сауда процесiн ашуы мүмкiн ақпарат немесе тартылуы мемлекеттiк саясатқа (қоғамдық практикаға) қайшы келуi мүмкiн ақпарат беру мiндеттемесiн жүктейтiндей мағынада

 

пайымдалмайтын болады.


                             31-бап

        Дипломатиялық агенттер және консул қызметкерлерi


     Осы Конвенцияда ешнәрсе де дипломатиялық агенттердiң немесе

консул қызметшiлерiнiң халықаралық құқықтық жалпы нормалары берген

немесе арнаулы келiсiмдердiң ережелерiне сәйкес берiлген салық

артықшылықтарын қозғамайды.


                            VII-ТАРАУ

                      Қорытынды ережелер


                            32-бап

                         Күшiне енуi



 
       Осы Конвенция тиiстi Үкiметтер өздерiнiң тиiстi Мемлекетiнде ресми конституциялық талаптар аяқталғаны жайында бiр-бiрiне жазбаша хабарланған соңғы күннен кейiн отызыншы күнi күшiне енедi және Конвенция күшiне енген жылдың алдындағы жылдың 1 қаңтарынан немесе содан кейiн басталатын салық салынатын жылдар мен кезеңдер үшiн қолданылады, бiрақ 1995 жылдың 1 қаңтарынан ерте қолданылмайды.
 
                              33-бап
                     Қолданылу күшiн тоқтату
 
      Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрi оның күшiн тоқтатпайынша күшiнде қала бередi. Әрбiр Мемлекет Конвенция күшiне енгеннен кейiн 5 жыл өткен соң кез-келген күнтiзбелiк жылдың аяқталуынан кемiнде алты ай бұрын қолданылу күшiн тоқтату туралы хабар жолдап, дипломатиялық арналар бойынша оның қолданылу күшiн тоқтата алады. Бұл жағдайда Конвенция қолданылу күшiн тоқтату туралы хабар берiлген күнтiзбелiк жылдың аяғынан бастап салық салынатын жылдар мен кезеңдер үшiн қолданылу күшiн тоқтатады.
      Осыны куәландыру ретiнде тиiстi дәрежеде өкiлеттiк берiлген

 

төменде қол қоюшы өкiлдер осы Конвенцияға қол қойды.

     Алматы қаласында 1996 жылғы сәуiр айының 24 күнi 2 дана етiп

қазақ, голланд, орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалды, бұл орайда

барлық төрт мәтiннiң де күшi бiрдей. Қазақ, голланд және орыс

мәтiндерi арасында дәйектеуде қандай да болсын алшақтықтар байқалған

жағдайда ағылшын мәтiнi айқындаушы болады.


     Қазақстан Республикасының        Нидерланды Корольдiгiнiң

           Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн



                          Хаттама



 
       Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдiгi арасында осы күнi жасалған Конвенцияға қол қою кезiнде төменде қол қоюшылар мына ережелер Конвенцияның ажырамас бөлiгiн құрайды деп уағдаласты.
 
      I. 4-бапқа байланысты
 
      Егер Уағдаласушы Мемлекеттердiң кеме бортында тұратын қандай да болсын белгiлi бiр тұрғылықты мекен-жайы жоқ жеке тұлғаның резиденциясы орналасқан Мемлекеттi Конвенцияның 4-бабы негiзiнде айқындау мүмкiн болмаса, ол кеменiң тiркеу айлағы бар Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi.
 
      II. 5-бапқа байланысты
 
      4-тармақтың f және g тармақшаларының мақсаттары үшiн займдарға, тауарлар немесе бұйымдар жеткiзуге немесе техникалық қызметтерге қатысты контрактiлер жасауға (соның iшiнде қол қоюдың өзiне) жәрдемдесу әзiрлiк немесе қосалқы сипаттағы қызмет болып есептеледi деп түсiнiледi.
 
      III. 5, 6, 7, 13 және 26-баптарға байланысты
 
      1. Табиғи ресурстарды барлау және пайдалану құқықтары Уағдаласушы Мемлекеттiң теңiз түбiмен және жер қойнауларымен байланысты болса, олар сонда орналасқан жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылады және бұл құқықтар осы Мемлекеттегi тұрақты мекеменiң мүлкiне тиесiлi болып есептеледi деп түсiнiледi. Мұның сыртында жоғарыда аталған құқықтар осындай барлау немесе пайдалану арқылы өндiрiлген материалдық құндылықтардан проценттен немесе пайда алу құқықтарын қамтиды деп түсiнiледi.
      2. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң басқа Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және осының алдындағы тармаққа сәйкес тұрақты мекеменiң мүлкiне тиесiлi болып есептелетiн кез-келген осындай құқықтарды иеленуi осы басқа Мемлекетте Конвенцияның барлық орынды ережелерiн қолдану мақсаттары үшiн тұрақты мекеме құруға әкелiп соғады.
 
      IV. 7-бапқа байланысты
 
      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны iшiнара басқа Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты мекеме арқылы, iшiнара осы басқа Мемлекеттен тыс жерлерде орындайтын контракт жағдайында Уағдаласушы Мемлекеттiң контрактiнi орындауға байланысты алынған табыстың барлығына салық салуға құқығы жоқ, қайта 7-баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес табыс пен шегерiмдердi кәсiпорынның бас офисi мен тұрақты мекемесi тәуелсiз экономикалық бiрлiктер ретiнде әрекет еткенде қалай қарастырса, солай қарастыруы тиiс деп түсiнiледi.
      Бұдан әрi табыстың нағыз сомасын айқындау үшiн бiр жағынан тұрақты мекеменiң ролi мен қызметi, екiншi жағынан тұрақты мекеменiң тұрақты мекеме орналасқан елден тыс жерлердегi ролi мен қызмет ескерiлуi тиiс деп түсiнiледi. Осы басқа қызметтен алынған, тиiстi түрде бөлiнген табысқа тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте салық салынбайды.
      Бұдан әрi жоғарыда айтылғандардың әзiрлiк жұмыстарын жүргiзу, өнеркәсiптiк, сауда және ғылыми құрал-жабдықтарды, үй-жайларды немесе қоғамдық жұмыстарды жеткiзу, монтаждау және орнату жөнiндегi контрактiлерге қатысы бар деп есептеледi.
      2. 7-баптың 1-тармағына қатысты, сатылып жатқандармен бiрдей немесе соларға ұқсас тауарлар мен бұйымдарды сатудан, болмаса тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметпен бiрдей немесе соған ұқсас басқа кәсiпкерлiк қызметтен алынған пайда, пайда алуға байланысты осы операциялар тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте салық салудан жалтару үшiн жүргiзiлгенi расталған жағдайда, осындай тұрақты мекемеге жатқызылуы мүмкiн.
 
      V. 7, 12 және 14-баптарға байланысты
 
      Егер,
      (I) контрактiнiң бiрден-бiр маңызды компонентi жобаларды, жоспарларды, процестердi, ғылыми немесе сауда тәжiрибелерiн, не 12-баптың 4-тармағында сипатталған басқа құқықтарды беру немесе ұсыну емес, техникалық қызметтердi, соның iшiнде ғылыми, геологиялық немесе техникалық сипаттағы зерттеулердi яки шолуларды орындау, немесе консультациялық қызметтер не бақылау жөнiндегi қызметтер көрсету болып табылса, және
      (II) контракт бойынша төлем баптарының бiрде-бiрi қызметтер көрсетуден табыс алушының табысымен немесе табыстарымен (не өзге ұқсас фактормен) сәйкес келмесе, және
      (III) контрактiнiң 12-баптың 4-тармағында сипатталған құқықтарды басқа бiреуге беру есебiне жатқызуға болатын кез-келген бөлiгiнiң құны контрактiнiң жалпы құнының 10 процентiнен, не 50000 АҚШ долларынан аспаса.
      ондайда осындай қызметтердiң төлемiне қабылдап алынған төлемдер 7-бап немесе 14-бап қолданылатын төлемдер болып есептеледi. Контракт "аралас" сипатта болатын басқа жағдайларда контракт бойынша төленген сома мұндай төлемдердiң бiр бөлiгi көрсетiлген қызметтердiң төлемi болып есептелуге тиiстi, ал екiншi бөлiгi 12-бап бойынша салық салынатын роялти болып есептелетiн факт бейнеленетiндей болып бөлiнуi мүмкiн.
 
      VI. 7, 14 және 26-баптарға байланысты
 
      Қазақстан жағдайында Конвенция күшiне енген күннен бастап 1995 жылдың 30 маусымына дейiн қолданылатын қолданылып жүрген заңдар бойынша пайда мен табысқа салынатын салықтарды есептеу кезiнде Нидерланды резиденттерiнiң 30 проценттен көбiсiнiң қатысуымен Қазақстанның резидентi болып табылатын кәсiпорынға немесе Нидерланды кәсiпорнының тұрақты мекемесiне (7-баптың ережелерiн ескере отырып) олар банкiге төлендi ме, жоқ па - соған қарамастан және борыш шарттарына байланыссыз нақты төленген жалақы мен проценттiк шығындар бойынша шегерiм жасауға рұқсат етiледi деп түсiнiледi. Егер қазақстандық салық заңдары бойынша шектеулер "созылған қол" ережесi бойынша айқындалған ставкадан, соның iшiнде проценттер жағдайында, ақылға сиымды тәуекел бағасынан кем болмаса, шегерiмдер бұл шектеулерден асып түсе алмайды.
 
      VII. 10-бапқа байланысты
 
      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидент-компаниясы басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң дивидендтер төлейтiн компания капиталының кемiнде 50 процентiн тiкелей немесе жанамалы түрде иеленiп отырған резидент-компаниясына төлейтiн дивидендтер, дивидендтер алушы компания дивидендтер төлейтiн компанияға бiр миллион АҚШ долларынан кем емес мөлшерде инвестиция жасаған жағдайда және бұл инвестицияға басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң Үкiметi, не осы Мемлекеттiң орталық банкi, не осы Үкiметiнiң иелiгiнде немесе бақылауында болып отырған, сондай-ақ бiрiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң Үкiметi мақұлдаған кез-келген орган немесе ұйым (соның iшiнде қаржы мекемелерi) толық кепiлдiк бергенде немесе сақтандырғанда, бiрiншi Уағдаласушы Мемлекетте салықтан босатылады деп түсiнiледi. Егер жоғарыда аталған инвестиция бiр миллион АҚШ долларынан асып түссе, бiрақ инвестицияның барлық бiрдей сомасына толық кепiлдiк берiлмеген немесе сақтандырылмаған болса, онда бұл ереже тек дивидендтердiң бiр бөлiгiне ғана қатысты, инвестицияның кепiлдiк берiлген немесе сақтандырылған бөлiгiнiң инвестицияның жалпы сомасындағы үлесiне қарай қолданылады.
      2. Егер тұрақты мекемеге инвестицияланатын сома 500 000 АҚШ долларынан асып түссе және мұндай инвестицияны кәсiпорын резидентi болып табылатын Мемлекеттiң Үкiметi, не осы Мемлекеттiң орталық банкi, не осы Мемлекет Үкiметiнiң иелiгiнде немесе бақылауында болып отырған, сондай-ақ басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң Үкiметi мақұлданған кез-келген орган немесе ұйым (соның iшiнде қаржы органдары мен ұйымдары) толық сақтандырған немесе кепiлдiк берген болса, 8-тармақта көзделген қосымша салық өндiрiп алынбайды деп түсiнiледi. Егер жоғарыда аталған инвестиция 500 000 АҚШ долларынан асып түссе, бiрақ инвестицияның барлық бiрдей сомасына толық кепiлдiк берiлмеген немесе сақтандырылмаған болса, онда бұл ереже тек қосымша салық базасының инвестицияның кепiлдiк берiлген немесе сақтандырылған бөлiгiнiң инвестицияның жалпы сомасына сәйкестiгi бөлiгiне ғана қолданылады.
      3. Қазақстан мен Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының толық мүшесi арасындағы осы Конвенцияның 10-бабының 8-тармағында ескертiлген қосымша салық салуды көздемейтiн қосарланған салық салуды болдырмау туралы Конвенция күшiнде болған уақыттың барлығында онда ескертiлген қосымша салық Нидерландының резиденттерi болып табылатын кәсiпорындардан өндiрiп алынбайды.
 
      VIII. 10 және 11-баптарға байланысты
 
      Нидерланды жағдайында дивидендтер терминi пайдаларға қатысу облигацияларынан алынған табысты қамтиды деп түсiнiледi.
 
      IХ. 10, 11 және 12-баптарға байланысты
 
      Егер табыс көзiнен 10, 11 және 12-баптардың ережелерiне сәйкес өндiрiп алынатын салық сомасынан асып түсетiн сомада салық ұсталған болса, онда басы артық салық сомасын керi қайтару туралы талап осы салықты ұстап қалған Мемлекеттiң құзырлы органына салық ұсталған күнтiзбелiк жыл аяқталғаннан кейiн үш жылдың iшiнде қойылады.
 
      Х. 11-бапқа байланысты
 
      "Процент" терминi сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекет банкiнiң тұрақты мекемесiне осы банк есептеген проценттi қамтиды деп түсiнiледi.
 
      ХI. 11 және 12-баптарға байланысты
 
      1. Егер 1995 жылдың 28 сәуiрiнен кейiн Қазақстан Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының толық мүшесi болып табылатын Мемлекетпен проценттер немесе роялти бойынша қолданылып жүрген неғұрлым төмен ставканы (соның iшiнде нольдiк ставканы) көздейтiн қосарланған салық салуды болдырмау туралы Конвенцияға қол қойса, онда мұндай неғұрлым төмен ставка Нидерландының резиденттерiне өзiнен-өзi қолданылатын болады.
      2. Егер сол бойынша проценттер төленетiн борыш талабы немесе, егер тиiсiнше солар бойынша роялти төленетiн құқық не меншiк осы баптың ережелерiн пайдаланып қалу жөнiндегi басты мақсатпен жасалса немесе тиiсiнше берiлген болса, 11 және 12-баптардың ережелерi қолданылмайды деп түсiнiледi. Егер Уағдаласушы Мемлекет мұндай ереженi күшiне енгiзбек болып отырған жағдайда оның құзырлы органы басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органымен алдын ала ақылдасып алуы тиiс.
 
      ХII. 12-бапқа байланысты
 
      Егер 12-баптың 4-тармағының б) тармақшасына сәйкес жалдауға қатысты төленетiн роялтидiң нақты иесi 12-баптың 5-тармағында көзделгендей таңдау жасаса, онда төленуi роялти алынған құқыққа немесе меншiкке қатысты болатын және таза пайданы айқындаған кезде шегерiлiп тасталатын, кез-келген проценттер, 12-баптың 5-тармағында көрсетiлгенiндей, жалдау төлемi пайда болған Уағдаласушы Мемлекетте табыс көзi бар болып есептеледi деп түсiнiледi. Кез-келген осындай проценттiк төлемдер, егер ол басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленсе, осы Конвенцияның 11-бабының ережелерiне жатады. 12-баптың 5-тармағына сәйкес жасалған таңдау жалдау төлемiнiң көзi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органына хабарланады.
 
      ХIII. 18-бапқа байланысты
 
      Қазақстан өзiнiң ұлттық заңдары бойынша 18-баптың 1-тармағында көзделген салық салу құқығын жүзеге асыра алмайтын кезеңде Қазақстанның резидентi Нидерландыда бұдан бұрын атқарылған жұмыс үшiн алатын зейнетақыларға қатысты осы тармақтың ережелерiнiң күшi болмайды. Мұндай зейнетақыларға бұдан былай қарай Нидерландының ұлттық заңдары қолданылады. Қазақстанның құзырлы органы Қазақстан өзiнiң заңдары бойынша 1-тармақта көзделген салық салу құқығын жүзеге асыра алатыны туралы Нидерландының құзырлы органын хабардар еткен бойда хаттаманың осы ережесi қолданылу күшiн тоқтатады.
 
      ХIV. 19-бапқа байланысты
 
      Нидерланды жағдайында "Уағдаласушы Мемлекеттiң әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнiң ережелерiне сәйкес төленген кез-келген зейнетақы мен басқа да төлемдер" терминi әлеуметтiк сақтандыру және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi нидерландық заңдарда көзделген, мысалы, қартаюға, қайтыс болуға, ауруға шалдығуға, мүгедектiкке, жұмыссыздыққа байланысты барлық төлемдер мен басқа да жеңiлдiктердi, балаларға, жесiрлер мен жетiмдерге арналған жәрдемақыларды қамтиды деп түсiнiледi.
 
      ХV. 23-бапқа байланысты
 
      23-баптың мақсаттары үшiн "капитал" терминi жылжымалы және жылжымайтын мүлiктi бiлдiредi және қолдағы ақшаны, акцияларды немесе басқа да меншiк құқықтары куәлiктерiн, вексельдердi, облигацияларды немесе басқа да борыш куәлiктерiн және патенттердi, сауда маркаларын, авторлық құқықтарды немесе басқа да осындай құқықты яки мүлiктi қамтиды (бiрақ тек солармен шектелiп қалмайды) деп түсiнiледi.
 
      ХVI. 24-бапқа байланысты
 
      24-баптың 3-тармағында көзделген кемiтулердi есептеген кезде 23-баптың 1-тармағында аталған капитал түрлерiнiң құны осы капиталға алынған кепiлдiк сомасының мөлшерiне кемiтiледi, ал 23-баптың 2-тармағында аталған капитал түрлерiне қатысты құн тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға тиесiлi борыштардың мөлшерiне кемiтiледi деп түсiнiледi.
 
      ХVII. 25-бапқа байланысты
 
      25-бап ережелерiнiң Каспий теңiзi халықаралық құқық бойынша

 

"теңiз" мәртебесiн алғанда ғана күшi болады деп түсiнiледi.

     Осыны куәландыру ретiнде төменде қол қоюшы өкiлдер осы

хаттамаға қол қойды.

     Алматы қаласында 1996 жылғы сәуiр айының 24 күнi қазақ,

голланд, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi дана етiп жасалды, бұл

орайда барлық төрт мәтiннiң де күшi бiрдей. Қазақ, голланда немесе

орыс мәтiндерiн дәйектеуде алшақтықтар бола қалған жағдайда ағылшын

мәтiнi негiзге алынады.


     Қазақстан Республикасының         Нидерланды Корольдiгiнiң

          Үкiметi үшiн                       Үкiметi үшiн






Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.