Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық референдум туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Актінің түрі
Заң
Конституциялық Заң
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
06.05.1999
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Парламенті
     Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық референдум туралы" 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592 конституциялық заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 22, 131-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1. Тақырып пен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
      Республикалық референдум туралы

      Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республикалық референдумды тағайындау, әзірлеу және өткізу тәртібін белгілейді.".
      2. 9-баптың 2), 3) тармақшаларындағы, 13-баптың 5-тармағындағы, 14-баптың 6-тармағындағы, 15-баптың 2-тармағындағы, 16-баптың 2-тармағындағы, 20-баптың 2-тармағындағы, 21-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы, 22-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы, 23-баптың 1-тармағының 1), 8) тармақшаларындағы, 23-баптың 3-тармағындағы, 25-баптағы, 29-баптағы, 30-баптың 2-тармағындағы, 31-баптың 5-тармағындағы, 37-баптағы "Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы", "осы Жарлыққа", "осы Жарлық", "Осы Жарлықтың", "конституциялық заң күші бар Жарлықпен", "осы Жарлықпен", "Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығында", "Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығымен", "Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығын", "Осы Жарлық", деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы", "Осы Конституциялық заңға", "Осы Конституциялық заң" "Осы Конституциялық заңның", "Конституциялық заңмен", "осы Конституциялық заңмен", "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында", " Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен", "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын", "Осы Конституциялық заң" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. 17-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Егер Республика Президенті Конституцияға өзгерістер мен

толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламенттің 
ұсынысын қабылдамай тастаса, Парламент Палаталарының әрқайсысының 
депутаттары жалпы санының кемінде бестен төртінің, көпшілік даусымен 
Парламент Конституцияға осы өзгерістер мен толықтыруларды енгізу 
туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті 
сол заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады.".

     Қазақстан Республикасының
            Президенті 
 

   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А. 
     
      
      


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.