"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Конституциялық Заң
Қабылдау күні
28.06.1999
Өзгерту күні
28.06.1999
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Парламенті

      1-бап. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 192-құжат; 1998 ж., N 7-8, 71-құжат; N 22, 290-құжат; 1999 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. 59-баптың 2-тармағындағы "Енгізілген жарна қайтарылмайды және республикалық бюджеттің кірісіне алынады." деген сөйлем "Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Республика Президенті болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады." деген сөйлемдермен ауыстырылсын.
      2. 73-баптың 2-тармағында:
      "елу мәрте мөлшерінде" деген сөздер "жиырма бес еселенген мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Енгізілген жарна қайтарылмайды және республикалық бюджеттің кірісіне алынады." деген сөйлем "Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Парламент Сенатының депутаты болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады." деген сөйлемдермен ауыстырылсын.
      3. 88-бапта:
      "елу мәрте мөлшерінде" деген сөздер "жиырма бес еселенген мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Енгізілген жарна кандидатқа қайтарылмайды және республикалық бюджеттің кірісіне алынады." деген сөйлем "Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады." деген сөйлемдермен ауыстырылсын;
      "Енгізілген жарна саяси партияларға қайтарылмайды және республикалық бюджеттің кірісіне алынады." деген сөйлем "Саяси партия сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайда енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады." деген сөйлемдермен ауыстырылсын.
     2-бап. Осы Конституциялық заң жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.