Назар аударыңыз! ХҚКО-да электрондық қызметтерді алу жеңілдік санатына жататын тұлғаларға (зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар) ұсынылады.
Құрметті пайдаланушылар!
ХҚКО бару үшін Сізге келесіні орындау қажет:
- Брондалған уақыттың басталуына 15 минут қалғанда келу.
- Өзіңізбен бірге қолданыстағы жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс (Қазақстан Республикасында берілген суретімен жеке куәлік құжаты).
- Медициналық тексеруден өту үшін бөлімге брондалған уақыт басталғанға дейін 30 минут бұрын келу қажет.
Кезекті онлайн брондау
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұрау" батырмасын басыңыз.
- ХҚКО таңдау.
- Сапар мақсатын таңдау.
«Жеңілдігі бар терезе» таңдау кезінде сіздің жеңілдік санатыңыз тексеріледі, сіздің деректеріңіз расталған жағдайда, сіз электрондық және қағаз қызметтерін алу мумкіндігі бар.
- Сапар күні мен уақытын таңдау.
Кезекті алдын ала брондау тәулігіне бір рет рұқсат етіледі.
Кезекті брондау қызметі жұмысының нәтижесімен «электрондық үкімет» порталының жеке кабинетінде таныса аласыз.
Мобильді азаматтар базасында телефон нөмірін тіркеу кезінде, Сізге ХҚКО-ға кезекті сәтті броньдау туралы СМС-хабарлама келіп түседі.
Автокөлікті қайта тіркеу үшін Мамандырылған ХҚКО-ға кезекті брондау кезінде сатушының ЖСН көрсету қажет.