Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
Айыппұл жекелеген санаттар үшін қарастырылған.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):
Он жеті жасқа толған жылы қаңтар – наурызда тіркеуден өтпеген және 18 жасқа толмаған көрсетілетін қызметті алушы алғаш рет өтініш жасаған кезде:
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат.
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 647-бабы бойынша азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін айыппұлды төлегені туралы түбіртек (бұзушылық фактісі бар болған кезде) («электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатындардан басқа).
- 3х4 см фотосурет – 2 дана (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70 %-ін алатындай жасалуға тиіс).
Бұдан бұрын он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейін әскери есепке тұрмаған және әскерге шақыру учаскесіне тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы алғаш рет өтініш жасаған кезде (құжаттар ЖӘБО-да медициналық куәландырудан өткеннен соң қабылданады):
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат.
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 647-бабы бойынша азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін айыппұлды төлегені туралы түбіртек (бұзушылық фактісі бар болған кезде) («электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатындардан басқа).
- 3х4 см фотосурет – 2 дана (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70 %-ін алатындай жасалуға тиіс).
- Аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді.
Тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан немесе ол бүлінген кезде:
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат.
- Тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы (бүлінген жағдайда).
- Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 649-бабында көзделген айыппұлды төлегені туралы түбіртек (құқық бұзушылық бар болған кезде).
- 3х4 см фотосурет – 2 дана (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70 %-ін алатындай жасалуға тиіс).
Тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде:
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат.
- Қолда бар тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы.
- 3х4 см фотосурет – 2 дана (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70 %-ін алатындай жасалуға тиіс).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «Мемлекеттік корпорация» арқылы жүзеге асырылады.