Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу үшін (қажетті құжаттар):
- Аса көрнекті тұлғаның сіңірген еңбегін және/немесе айрықша оқиғаның маңыздылығын, сондай-ақ аса көрнекті тұлғаның тұруын, жұмысын, болуын және мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимаратта немесе құрылыста болған айрықша оқиғаны растайтын архивтік анықтама және/немесе архивтік құжаттың көшірмесі және/немесе архивтік үзінді және өзге құжаттар.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 77 бұйрығымен бекітілген Мемориалдық тақталар орнату қағидаларының 6 және 7-тармақтарында көрсетілген мәліметтер мен талаптарды қамтитын мемориалдық тақтаның эскизі.
- Қасбеттерінде мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің (иелерінің) немесе өзге де заңды иесінің жазбаша келісімі.
- Қасбетінде мемориалдық тақтаны орнату қаралған ғимарат немесе құрылыстың республикалық және халықаралық маңыздағы тарих және мәдениет ескерткіші болып табылған жағдайда, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның келісуі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат немесе мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беруден дәлелді бас тарту.