«Болашақ» стипендиясын табыстауға құжаттарды енді Интернет арқылы беруге болады Баспаға шығару нұсқасы
2012 жылғы 11 қыркүйекeGov.kz «электрондық үкімет» порталында «Болашақ» стипендиясын табыстау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау қызметі іске қосылды.
Осындай формат үміткерлерге қажетті құжаттаманы жинау мен жөнелтудің еңбекті көп қажет ететін үдерісін жеңілдетеді. Мысалы, құжаттрады онлайн берген кезде төлқұжат пен жеке куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелерін тапсырудың қажеті жоқ, сонымен қатар зейнетақы қорынан үзіндіні беру қажеті етілмейді. Осы мәліметтер мемлекеттік деректер қорынан автоматты түрде түседі. Ның үстіне, осындай тәсіл уақыт пен қаражатты үнемдейді: құжаттарды енді Қазақстанның кез-келген нүктесінен тапсыруға болады.
Ол үшін www.egov.kz порталында тіркелу қажет және электрондық цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) болуы тиіс. «Болашақ» Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық стипендиясын табыстауға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» қызметі ҚР Білім және ғылым министрлігі қызметтерінің тізіміндегі «Электрондық» бөлімінде орналасқан.
Стипендияға үміткер «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасына басады, одан кейін электрондық нысан бойынша қажетті алаңдарды толтырады және қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркейді. Олардың тізбесін осы сілтеме бойынша қызметтің төлқұжатынан табуға болады.
Е-үкімет порталы арқылы құжаттарды тапсыру туралы барлық мәселелер бойынша 1414 нөмірі бойынша тәулік бойы Call-орталығына хабарласуға болады. Қоңырау Қазақстанның барлық өңірлерінде барлық мобильдік және қалалық телефондардан тегін.
2012 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша қатысуға құжаттарды қабылдаудың мерзімі 1-ші қазанға дейін екендігі еске саламыз.