Қазақстандықтарды «электрондық үкімет» порталымен жұмыс істеуге үйрету Баспаға шығару нұсқасы
2012 жылғы 13 маусымҚазақстанда eGov.kz порталымен жұмыс жасау жөніндегі оқыту бағдарламасы басталды, ол ағымдағы жылғы қараша айына дейін еліміз бойынша 80 елді мекенді қамтитын болады.
Мысалы, мекенжай анықтамасын алу үшін әдетте кез келген қазақстандық аз дегенде бір сағат уақыт жұмсайды, бұған жолға кеткен мен ХҚКО-да өз кезегін күту уақытын қосуға болады. Ал дәл осы анықтаманы ол не бары 3-5 минуттың ішінде «электрондық үкімет» порталында – Интернет арқылы да ала алады. Бұны қалай іске асыруға болады – бұл туралы семинарларда айтылады.
Тренингтерді «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің және ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің қолдауымен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ компаниясы өткізеді.
Бағдарламаның мақсаты – қазақстандық е-үкіметтің дамуы туралы әңгімелеу ғана емес, сондай-ақ порталдың негізгі мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануды үйрету болып табылады. Мысалы, курсты тыңдаушыларға Интернет арқылы жылжымайтын мүліктің бар (жоқ) екендігі туралы анықтама алу, неке қиюды тіркеуге өтініш беру, баланы бала-бақшаға кезекке қою немесе салықтар мен айыппұлдар төлеу мүмкіндіктері көрсетіледі. Қатысушылар үш академиялық сағат ішінде үйде отырып-ақ, мемлекеттік және коммерциялық қызметтерді іс жүзінде қалай алуға болатынына, әрі бұл әрекеттің өте жеңіл екеніне көз жеткізе алады.
Өздерінің қызметкерлерін оқытуға мүдделі жұмыс берушілер үшін арнайы өтінім беру және өздерінің кеңселерінде тұсаукесер өткізу үшін жаттықтырушы шақыру мүмкіндігі ұсынылады.
Семинарға қатысуға тілек білдірген кез келген адам 1414 нөмірі бойынша өтінім бере алады. Еліміздің барлық өңірлері үшін ұялы және станционарлық телефондардан қоңырау шалу тегін.