Порталдың редизайнын талқылау бойынша фокус-топ Баспаға шығару нұсқасы
2012 жылғы 18 қыркүйекҚұрметті пайдаланушылар!
Бұл жыл «электрондық үкімет» порталы үшін тек жаңа қызметтер және сервистермен ғана атаулы болған жоқ, бұл жыл сондай-ақ ресурс дизайнындағы үлкен өзгерістермен белгілі болды. Бұл жобаны дамыту кезіндегі мейлінше маңызды кезең болып табылады, бұл ең алдымен қымбатты пайдаланушылар, сіздердің порталды қолдану, қажетті қызметтерді алу және қажетті ақпаратты тез табу кезіндегі қолайлылық үшін қажет.
Сол себепті біз сіздерді «Жаңа дизайн – жаңа eGov» фокус-тобына қатысу үшін шақырамыз, бұл «электрондық үкімет» порталының дизайнында және оның қызмет етуінде орын алатын өзгерістерді талқылауға мүмкіндік береді.
Біз жаңа порталдың навигацияларының қолайлылығы, қарапайым әрі қолжетімді болуы үшін мейлінше күш жұмсадық. Жаз бойы түрлі бағытта қызмет ететін мамандар порталдың жаңа тұжырымдамасын, ақпаратты беру және визуализациялау әдістерін әзірледі. Міне, енді сол сәт те келіп жетті!
Сіздерге порталдың демо-нұсқасын пайдалануды ұсынамыз:
- • Барлық парақтардың сыртқы түрінің жеңілдеуі;
- • Портал бойынша навигациялардың қолайлығы;
- • Ақпарат қолайлығы;
- • Материал контентінің логикалық және интуитивтік айдары.
21-қыркүйек күні сіздер:
- • порталдың жаңа дизайндағы жаңа парақтарын бірінші болып көресіңіздер;
- • порталдың жаңа құрылымымен танысып, оны қолданыста тексересіздер;
- • өз ойыңыз бен пікіріңізді, өз ұсыныстар мен бастамаларыңызды айта аласыз;
- • «электрондық үкімет» порталын әзірлеушілерімен және ақпараттық қолдаушыларымен тікелей талқылауға қатысасыз.
Фокус-топқа қатысушысы болу үшін портал туралы, қазіргі дизайны мен оның құрылымының кемшіліктері мен басымдылықтары туралы түсінігіңіз болуы жеткілікті.
Еркін үлгідегі өтінімдер egovkz@nitec.kz пошталық мекенжайы бойынша қабылданады. Өтінімде ТАӘ мен байланыс деректерін көрсету қажет, біз олар бойынша сіздермен байланысқа шыға аламыз, сондай-ақ өзіңіз турақы қысқаша ақпарат пен сіз үшін egov.kz порталының редизайнына қатысу не себепті маңызды екенін көрсету қажет.
Қатысушылардың саны шектелген. Біз сіздерді күтеміз!
Қашан: 2012 жылдың 21 қыркүйек, 16.00 – 18.00
Қайда: Астана қ., Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8, «электрондық үкімет» порталының демо-залы.