Астана және Көкшетау қалаларындағы емханаларда Денсаулық сақтау министрлігінің электрондық қызметтері туралы айтылуда Баспаға шығару нұсқасы
2012 жылғы 26 қыркүйекОсы аптада Астана және Көкшетау қалаларындағы емханаларда eGov.kz порталында денсаулық сақтау министрлігінің электрондық қызметтері туралы ақпараттық акциясы өтуде.
Емханаға тіркелуді рәсімдеу (электрондық қызмет барлық Қазақстан бойынша әрекет етуде), дәрігерге қабылдауға жазылу немесе оны үйге шақыру (қызмет Астана қаласында әрекет етеді) – осының барлығын www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы үйден шықпай-ақ жасауға болады.
Акция барысында eGov промоутерлері барлығына барлық қызметтер туралы айтады, сондай-ақ денсаулық министрлігінен е-қызметтерді алу үшін әрекеттердің алгоритмін планшетті компьютерлерде көрнекі түрде таныстырады. Барлық қатысушыларға нақты ақпараттық буклеттерді табыстайды.
Астана қаласы бойынша акцияның өтетін орындары:
24.09 - №1 емхана–Сейфуллин көшесі, 28 (Пучаның маңы)
25.09 - №4 емхана – 103 көше
26.09 - №3 емхана – Республика даңғылы, 50
27.09 - №2 емхана – Республика даңғылы, 50
28.09 - №8 емхана – Сембинов көшесі,
Анықтама
Денсаулық сақтау министрлігінің желісі бойынша электрондық қызметтер 2012 жылғы сәуірде www.egov.kz порталында іске қосылған болатын. Бүгінгі күні үкіметтің порталы арқылы медициналық мекемеге тіркелуге болады. Бұл қызмет барлық Қазақстан бойынша жұмыс жасайды. Астана тұрғындары электрондық үкімет порталы арқылы дәрігерге қабылдауға жазылып, үйге дәрігерді шақыра алады. Жылдың соңына дейін осы е-қызмет Қазақстаннның басқа да өңірлерінде іске қосылатын болады.