eGov арқылы коммуналдық қызметті төле де, сыйлық ал! Баспаға шығару нұсқасы
2012 жылғы 28 қыркүйекeGov-тан жаңа акция. 3G модемді алғысы келетіндердің барлығына ендігі коммуналдық қызметтерді төлегендігі жөніндегі түбіртектерді дайындауды ұсынамыз. Қазанның 15-нен бастап www.egov.kz электрондық порталы арқылы коммуналдық қызметтерді төлеген алғашқы 50 адам 3 буындағы мобилдік байланыспен модемді сыйлыққа алады.
Бүгінгі күні eGov арқылы коммуналдық қызметтерді төлеу сервисі әрекет ететін Қазақстанның: Астана, Алматы және Қызылорда қалаларының тұрғындары акцияға қатыса алады.
Техникалық дайындығына қарай коммуналдық қызметтерді онлайн төлеудің мүмкіндігі республикамыздың басқа қалаларының тұрғындарында пайда болады.
Еgov арқылы коммуналдық қызметтерді төлеу үшін не қажет:
- www.egov.kz на авторизациядан өту;
- Басты беттегі мәзірден «Онлайн қызметтер бір тізімде» бетін ашып - «Коммуналдық қызметтерді төлеу»-ді таңдау;
- Қажетті қаланы шерту;
- Өзіңіздің жеке шоттың нөмірін көрсетіңіз;
- Ағымдағы қарыздар бойынша түбіртекті алу;
- Өзіңіздің төлем картаңыздың нөмірін енгізу жолымен төлеу;
- Электрондық чекті алу (төлем туралы чекті әрдайым порталдағы «Қызметтерді төлеу тарихы» тарауынан табуға болады.
Коммунальдық қызметтерге www.egov.kz арқылы электрондық төлеу үшін электрондық цифрлық қолтаңба талап етілмейді.
Коммуналдық қызметтерді төлеу рәсімдері туралы нақтырақ 1414 нөмірімен Қазақстанның барлық желілердегі операторлар үшін тәулік бойы және тегін білуге болады.