Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс объектілеріне ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан және табиғатты қорғау мекемелерінен қалай алуға болады (қажетті құжаттар)
- Өтініш.
- Табиғат қорғау мекемесінің жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі - ЖСҚ) келісуі.
- ЖСҚ-ға мемлекеттік сәулет сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жазбаша рұқсат.