Бағалы металдармен, олардан жасалған өнімдерді қоспағанда, және құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді арнайы есепке қою туралы анықтама беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Бағалы металдармен құрамында бағалы металдар бар шикiзат тауарларымен және олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда операцияларды жүзеге асырушы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлерді арнайы есепке қою туралы анықтама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.