Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиоративтік аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатындағы аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органда қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Жеке тұлғалар үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін:
- Еркін түрде жазылған 2 данада өтініш.
- Жеке тұлғасын куәландыратын құжаттық көшірмесі мен түпнұсқасы.
Жеке және заңды тұлғалар үшін мелиоративтік аулау, ғылыми-зерттеу мақсатында аулау және өсімін молайту мақсатындағы аулау үшін:
- Еркін түрде жазылған 2 данада өтініш
- Жеке тұлғасын куәландыратын құжаттық көшірмесі мен түпнұсқасы.
- Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмес.
Ескерту:
Кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2012 жылдың 24 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есеп) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанша жарамды болып есептеледі;
- мелиоративтік аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатындағы аулауды іске асырылатын заңды тұлға жарғысының көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға, мелиоративтік аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды балық аулауға берілген рұқсат қағаз түрінде,