Қандас мәртебесін беру көрсетілетін қызметі уақытша қолжетімсіз. Көрсетілетін қызметті алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа немесе Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО-ға хабарласыңыз.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
"Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" қызметін қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы қандас мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімі негізінде жалпы тәртіппен мәртебе және мәртебе алу үшін:
- Өмірбаян (еркін нысанда)
- Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен (туу туралы куәліктер, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе үміткерлердің ұлтын растайтын этникалық қазақтар шыққан елдің арнаулы органдарының басқа да ресми құжаттары)
- Өтініш берушінің осы Қағидалардың 2-тармағының 18) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянын қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады.
Мәртебені ұзарту үшін:
- Өтініш беруші 6-қосымшаға сәйкес өтініш береді.
Қандас куәлігінің телнұсқасын және қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімді беру:
- Өтініш беруші 6-қосымшаға сәйкес өтініш береді.
Өтініш берушілерден ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қандас мәртебесін беру кезінде - қандас куәлігін беру, қандас мәртебесін ұзартқан жағдайда - жергілікті атқарушы органның шешімі.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде 1 жыл ішінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Өтініш берушінің сұрау салуы бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінен түсіре отырып, жергілікті атқарушы органнан бұрын алынған қандас куәлігін береді.