Қазақстан Республикасының резиденттігін растау
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасы бойынша өтіңіз (қызметті алу үшін сізде cabinet.salyk.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
- cabinet.salyk.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. Жоспарланған уақыт аралығында сұраныстың күйін CТК сайтындағы салық есептілігі журналында тексеріңіз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Көрсетілетін қызметті алушы не өкілдің тиісті өкілеттігі көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі жүгінген кезде:
Резиденттігін растайтын құжатты алу үшін:
- Резиденттігін растау туралы салықтық өтініші.
- Өзінің тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқаны негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға – заңды тұлғаны тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе осы сияқты органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттарды) нотариаттық куәландырылған көшірмесін.
- Резидент болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның шетелдік төлқұжатының немесе куәлігінің, Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (бар болса) нотариат куәландырылған көшiрмелерiн ұсынады.
Резиденттігін растайтын құжаттың телнұсқасын алу үшін:
1) Салықтық өтініші.
Мемлекеттік корпорацияда қабылдау электронды кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жерінде жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша оның резиденттігін растайтын құжатты беру немесе шет мемлекеттің құзыретті органы белгіленген нысан бойынша оның резиденттігін растау және (немесе) оның телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы дәлелді жауап.