Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ куәлік телнұсқасын алу үшін бару. Өзімен бірге шығарылған хабарлама және жеке басты куәландыратын құжат болу қажет.
Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мемлекеттік баж төлеуден растайтын құжаттар ұсынылған кезде босатылады:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының, қорғаншылар( қамқоршылар), мемлекеттік ұйымдар – туу туралы куәлікті тіркеу және қайталама беру үшін;
2) жеке тұлғалар – азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателіктерге байланысты азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, толықтыру, қалпына келтіру және түзету кезінде оларға куәліктер бергені үшін;
3) жеке тұлғалар – туыстарының қайтыс болуы туралы бұрын берілген куәліктерді қайта бергені немесе ауыстырғаны үшін;
4) жеке тұлғалар – бала асырап алуға және әке болуды анықтауға байланысты Туу туралы куәліктерді қайта бергені үшін.
Қызмет көрсету нәтижесі
Электрондық өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама.