Жерлеуге арналған бір жолғы төлемді тағайындау
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариаты куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде өтініш береді.
- жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат немесе жерлеуді жүзеге асырған заңды тұлғаны (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (куәлік) немесе дара кәсіпкердің патенті (заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін) (сәйкестендіру үшін).
- Қайтыс болу туралы куәлік немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостильмен куәландырылған қайтыс болу фактісін растайтын құжат (салыстыру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады).
Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, қайтыс болу туралы куәлікті немесе қайтыс болу фактісін растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы (проактивті қызмет):
- Проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Порталда жерлеуге арналған бір жолғы төлемді тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ жерлеуге арналған бір жолғы төлемді тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.