Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
- Медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат немесе қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі (салыстыру үшін).
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
- Көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш білдірген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
- Қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжат (салыстыру үшін).
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).
Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қайтыс болу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.