Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Барлық қажетті өрістерді толтырып, файлдарды тіркеңіз.
- Өтінімге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті Мемлекеттік органда алу жолы (қажетті құжаттар):
- Оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш.
- Оқуға түсушінің жеке сәйкестендіру нөмірі бар туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін).
- Ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
- Таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама.
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 031/е (Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытындыны мүгедектер ұсынады) нысандағы медициналық құжаттама.
Спорттық-сауықтыру топтарына және спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының бастапқы даярлық топтарына құжаттарды қабылдау оқу жылы бойы жүргізіледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі немесемемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Порталда – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.