Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен қол қойыңыз.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) алынған құжатпен танысып, талап ету орны бойынша ұсыныңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін жұмыс сипаты мен еңбек жағдайы туралы анықтама;
Ескертпе
- Ұйым таратылған жағдайда жұмыс істеген орны, лауазымы, кәсібі, жұмыс істеген кезеңі, архивтік істің нөмірі, оның беттері мәліметтер көрсетілген мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік анықтама ұсынылады.
- Архивтік құжаттар болмаған кезде, жұмыс сипаты немесе еңбек жағдайлары және олардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы № 1930 қаулысымен бекітілген Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізіміне немесе Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізіміне сәйкестігі сот органдары арқылы белгіленеді;
- Өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:
- еңбек кітапшасы;
- еңбек кітапшасы болмаған немесе жарамсыз болған, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаған, түзетулер, дәлсіздіктер, әртүрлі оқулар болған кезде архив мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамалар.
Бар-жоғына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:
- бiлiмi туралы құжат;
- әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
- балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама).
- 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталу туралы анықтама;
- жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;
- бөгде адамның көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызбасты мүгедекке және жасы бойынша зейнеткерге, жасы сексенге толған қарттарға, он алты жасқа дейінгі мүгедектерге күтім жасау фактісін және мерзімін растайтын сот шешімі;
- бұрынғы кеңестік мекемелердің, Қазақстан Республикасы мекемелерінің, халықаралық ұйымның қызметкерінің зайыбының (жұбайының) шетелде тұрғанын растайтын құжат;
- әскери қызметкердің, арнаулы мемлекеттік органның қызметкерінің жұбайының (зайыбының) жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ жерлерде тұрғанын растайтын құжат.
Жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткенін растау үшін келесі құжаттардың бірі ұсынылады (олардың бар-жоғына қарай):
- балалардың жеке басын растайтын құжат;
- балалардың неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);
- балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;
- балалардың орта-кәсіптік немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не балалардың оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;
- балалардың әскери қызмет өткергенін растайтын құжат;
- балалардың қайтыс болуы туралы куәлік (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болуы туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама) құжат ұсынылады.
Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.