Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу арқылы жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру
Қызметті онлайн алу:
- «Электронды үкімет» порталында (бұдан әрі – ЭҮП) авторизациядан өтіп және «Онлайн сұратым» батырмасы бойынша өту.
- «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесінің жария кадастрлық картасында бос жер учаскесін таңдау.
- Өтінімді толтыру және қол қою.
- Сауда-саттық қорытындылары бойынша:
Өтінім берушіні сауда-саттықта жеңімпаз деп анықтамаған жағдайда:
Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) сауда-саттыққа басқа қатысушыны жеңімпаз деп анықтауға байланысты бас тарту туралы хабарламамен танысу қажет.
Өтінім берушіні сауда-саттықта жеңімпаз деп айқындаған жағдайда:
ЭҮП-да жер учаскесін немесе жалдау құқығын сатып алу-сату шарты бойынша ақы төлеу.
- ЭҮП-да кадастрлық есепке қоюға және құқықтарды тіркеуге өтінім беру. Төлем құжатын жүктеу. ЭҮП-да кадастрлық қызметтерге ақы төлеу.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) кадастрлық есепке қою және құқықтарды тіркеу туралы хабарламамен танысу.
Онлайн қызмет пилоттық режимде Ақтөбе қаласы бойынша ғана қолжетімді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Кадастрлық есепке қою және құқықтарды тіркеу туралы хабарлама, жылжымайтын мүлік объектісіне кадастрлық паспорт (қажет болған жағдайда) немесе бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.