Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.
Қызметті онлайн алу
-
Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
-
Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
-
Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
-
Куәлікті алу үшін мемлекеттік органға жүгіну.
Қазақстан Республикасы 2016 жылы 29 наурыздағы «Рұқсат беру процедураларын жеңілдету әрі рұқсат құжаттарын қысқарту сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен қосымшаларды еңгізу туралы» Заңына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне тұру қызметі "электрондық лицензиялау" порталында орындалады.
Қызметті мемлекеттік органда (келу тәртібімен немесе пошта арқылы) немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
Орналасқан орны бойынша тіркеу есебінен шығару үшін жеке практикамен айналысатын адам қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда бір мезгілде:
- Салықтық өтініш.
- Тарату салық есептілігін табыс етеді.
Мемлекеттік корпорацияда қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электронды» жол тәртібімен жүзеге асырылады
Қызмет көрсету нәтижесі
1) жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою;
2) жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу деректерін өзгерту;
3) жеке практикамен айналысатын адамды есептен шығару және www.kgd. gov.kz көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсына жеке практикамен айналысатын адамды есептен шығару туралы ақпаратты орналастыру – жеке практикамен айналысатын адамды есептен шығару кезінде;
4) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.