Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру
Қызметті онлайн алу
- Авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеу міндетті). Өтінімге жеке куәліктің көшірмесін тіркеу. Сұралатын мәліметтер сипатына байланысты қоса берілетін құжаттар өзгеруі мүмкін: еңбек кітапшасының көшірмесі, жерді пайдалану құқығына мемлекеттік актінің көшірмесі, техникалық паспорттың көшірмесі, қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) қызметтің нәтижесін оқыңыз.
Бірге берілетін құжаттардың рұқсат етілетін максималды көлемі 1 МБ-тан аспауы керек
Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):
- Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) және өкілеттігін растайтын құжат - заңды тұлға үшін не нотариалды куәландырылған сенімхат - жеке тұлға үшін (уәкілетті өкілі жүгінген кезде).
- Өтініш.
Қызмет көрсету нәтижесі
Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану кезінде ресімделетін (жасалатын) құжаттар нысандарына әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтерді растау туралы архивтік анықтама не архивтік құжаттың көшірмесі немесе сұратылған мәліметтердің көрсетілетін қызметті берушіде сақтауда болмауы туралы жауап немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орны мен күні көрсетілген хабарлама жолданады.