Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөлімшелерінен шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, өкілеттігін растайтын құжат, не көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші адам ұсынған кезде нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
- Өтініш;
- Апостиль мөртаңбасын қойылуы қажет көрсетілетін қызметті беруші берген архивтік анықтама және (немесе) архивтік құжаттардың көшірмелері;
- Мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, өкілеттігін растайтын құжат не көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші адам ұсынған кезде, нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
- Өтініш;
- Апостиль мөртаңбасын қойылуы қажет көрсетілетін қызметті беруші берген архивтік анықтама және (немесе) архивтік құжаттардың көшірмелері;
- Мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Апостиль қойылған архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.