Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Ұшуға пайдалану жөніндегі нұсқаулық.
- Формулярлар.
- Материалдың негізгі өлшемдері мен маркалары көрсетілген негізгі күш тораптарының, оның ішінде қанатын бекіту, тірек тораптарының, қозғалтқыштың, шассидің сызбалары (эскиздері).
- Отын және тежегіш жүйелерінің, электр жабдығының, басқару жүйесінің схемалары.
- Үлгінің фотосуреттері (алдынан, жанынан, артынан).
- Әуе кемесінің үлгісін зауыттық, мемлекеттік және пайдалануда сынау нәтижелері.
- Схемалары, жүйелері, негізгі сипаттамалары, үлгі сертификатталатын диапазонда күтілетін пайдалану шарттары мен шектеулерінің қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы үлгіге қолданылатын ұшуға жарамдылығы нормалары тарауларының, бөлімдері мен тармақтарының, оның ұшуға жарамдылығына қатысты арнайы техникалық шарттардың және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптардың тізбесі қысқаша сипатталатын техникалық құжаттама.
- Азаматтық әуе кемесінің типін сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Әуе кеменің үлгі сертификатын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.