Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Авторлану немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркелу.
- "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басқаннан кейін ашылған "Электрондық лицензиялау" порталының парағында "Өтініш беру" сілтемесі бойынша өту.
- Өтінішті толтырыңыз және өз ЭЦҚ қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растау не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.