Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметімен қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификатты алуға өтінім.
- Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі (әрі қарай - АҚҚ) тексерісін орындау бойынша сертификаттау үшін терім сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжат.
- Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс жасау құқығына санитарно-эпидемиологиялық нәтиже.
- Жете тексеру бөлімшесінің персоналы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылық құрамы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің өндірістік базасы, техникалық құралдар тізбесі бойынша жиынтық деректер.
- Көрсетілетін қызметті алушының АҚҚ туралы ережесі.
- Көрсетілетін қызметті алушының ААҚ бақылайтын аймақтар (қолжетімділігі шектеулі аймақтар) көрсетілген аумағы жоспарының схемалары және қарап-тексеру пункттері орналасқан аэровокзал ғимаратының егжей-тегжейлі схемасы (жоспары).
- ААҚ персоналын оқыту бағдарламалары.
- Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік нұсқаулықтары (бағдарламасы).
- Көрсетілетін қызметті алушының авиациялық қауіпсіздік сапасын ішкі бақылау бағдарламалары.
Қызмет көрсету нәтижесі
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап