Қызметті Мемлекеттік органда алу жолы (қажетті құжаттар):
Ата-ананың бірлескен өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
- Өтініш.
- Баланың туу туралы куәлігін, мұндай өтініш бала туылғанға дейін берілген кезде – медициналық ұйым немесе жекеше практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын медициналық анықтама. Егер әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілетін болса, баланың туу туралы куәлігі талап етілмейді.
- Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған, анасы психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасы ата-ана құқықтарынан айрылған немесе шектелген, баланың анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда баланың әкесінің өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
- Өтініш.
- әкесінің өтінішінде көрсетілген негізіне байланысты анасының болмауының мән-жайларын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы куәлік; анасын психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы сот шешімі; анасының тұратын жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама.
- Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Сот шешімі негізінде әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
- Өтініш.
- Әке болуды анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі.
- Баланың туу туралы куәлігі.
- Ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәлік.
- Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу үшін:
- Өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі (куәлік жоғалған жағдайда өтініште көрсету).
- Әке болуды анықтау туралы куәлік (куәлік жоғалған жағдайда өтініште көрсету).
- Өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар.
- Мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат.
- Нотариатта куәландырылған сенімхат (көрсетілетін қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда).
- Ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәлік.
- Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін) ұсынылады.