Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімде мәліметтерді көрсету: «Қазпочта» АҚ немесе Екінші деңгей банкінде («Халық банкі» АҚ) ашылған дербес есепшотының нөмірі (IBAN).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
*Портал арқылы жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнетақы жасына жетуіне байланысты ұсынылады: 58 жас – әйелдер, 63 жас – ерлер.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та өтініш 1 толтыру
- Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшесіне өтініш 2 толтыру
- Жеке куәлік ( Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат, оралман мәртебесін растайтын құжат.
- Зейнетақыны беру бойынша уәкілетті ұйымда банк шотының нөмірі туралы құжат.
Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Электрондық қызмет бойынша өз өтініміңіздің тағайындалуы/бас тарту туралы мәртебені қадағалау үшін - Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу
Қызмет көрсету нәтижесі
Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау туралы электрондық хабарлама