Ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар)
Қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін
- Өтініш.
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алым төлемін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы қағида.
Ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде лицензия алу үшін
- Өтініш.
- Ислам банкі жарғысының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін тұпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған).
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Банктің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес туралы ереже.
- Ислам банкінің операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидалар.
- Ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидалар.
Лицензияның телнұсқасын алу үшін
- Өтініш.
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын берген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін
- Өтініш.
- Лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан көп банк операцияларын және өзге де операцияларды алып тастаған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделсе).
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері.
Қызмет көрсету нәтижесі
Лицензияны беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияны қоса берумен лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.