Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Қызметті онлайн алу
- Өтініш.
- Тіркеу туралы куәлік, әскери билет, уақытша куәлік (запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар үшін).
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатынын растату құжаты.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат.
- Тіркеу туралы куәлік, әскери билет, уақытша куәлік (запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар үшін).
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатынын растату құжаты.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға 3 дана анықтама беру не мемлекетік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.