Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Азаматтың жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінен) не көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға ұсынған кезде нотариат куәландырған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады).
- Апостиль қою үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек.
- Апостиль мөртаңбасы қойылуы қажет Архив берген архивтік анықтама және (немесе) архивтік құжаттардың көшірмелері.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Апостиль қойылған архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.