Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау
Қызметті мемлекеттік органда алу жолы (қажетті құжаттар):
- Туристік қызмет саласындағы қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға өтініш.
- Көрсетілетін қызметті берушінің туристік операторлық қызметіне берілген лицензиясының көшірмесі немесе турагенттердің мемлекеттік электрондық тізілімнен үзінді.
- Көрсетілетін қызметті алушының қызметкерлерінің туристік бейіндегі пәндер бойынша білімі туралы құжаттардың көшірмелері.
- Көрсетілетін қызметті алушының қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
Қызмет көрсету нәтижесі
Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау туралы қолхат немесе туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат.