Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктерінің басшыларын тағайындауын келісу
Қызметті портал арқылы алу
Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік діни бірлестіктің қызметін келісу үшін:
- Көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтініш.
- Шетелдік діни бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
- Құрылтайшы – шетелдік діни бірлестік шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын, қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар, дұрыстығы куәландырылған заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың электрондық көшірмесі.
- Құрылатын діни бірлестіктің бастамашы-азаматтары тізімінің электрондық көшірмесі.
- Шетелдік діни бірлестіктің пайда болу тарихы мен діни ілімінің негіздерін ашатын және оған сәйкес келетін діни қызмет туралы мәліметтерді қамтитын діни материалдардың электрондық көшірмесі.
- Заңды тұлғаның органы бекіткен қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы бар шетелдік діни бірлестік Жарғысының (ережесінің) электрондық көшірмесі қоса берілуге тиіс.
Шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісім беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- Қолдаухат.
- Шетелдік діни орталықтың кандидатты Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктің басшысы етіп тағайындау туралы шешімі.
- Діни бірлестік басшысы лауазымына кандидаттың паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі.
Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік діни бірлестіктің қызметіне келісім беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі
- Өтініш.
- Шетелдік дiни бiрлестiктiң орналасқан жерін растайтын құжат.
- Құрылтайшы − шетелдік діни бірлестік шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған, мемлекеттік және орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығы куәландырылған құжат.
- Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша діни бірлестікті құруға бастамашы азаматтарының тізімі.
- Шетелдік діни бірлестіктің діни ілімнің, пайда болу тарихын және негіздерін ашатын және өзіне тиісті діни қызмет туралы мәліметтерді қамтитын діни баспа материалдары.
- Заңды тұлға органы бекіткен шетелдік діни бірлестік жарғысының (ережесінің) қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмесі.
Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісім беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі
- Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолдаухаты.
- Кандидатты Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктің басшысы етіп тағайындау туралы шешімді.
- Діни бірлестіктің басшысы лауазымына кандидаттың паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі.
* Құжаттар шетел тілінде ұсынылған жағдайда аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқасы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылып, олардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасын нотариалды куәландырып ұсынады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісу-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.