Жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе оралман мәртебесі бар адамдар үшін оралман куәлігі - жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі;
- Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);
- жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары).
Қызмет көрсету нәтижесі
Әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.