Назар аударыңыз! ЭЦҚ кілттері жеке және заңды тұлғалар үшін беріледі!
ХҚКО-на бармай-ақ қашықтан ЭЦҚ кілттерін алу мүмкіндігі үшін, Сізге қажет:
- Қолданыстағы жеке куәлігі (Қазақстан Республикасында берілген фотосуреті бар жеке басты куәландыратын құжаттың) немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттік деректер қорында Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болуы тиіс.
- Кіріс SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігімен ұялы телефоны болуы тиіс.
- Сіздің дербес компьютеріңізде веб-камера болуы тиіс.
- ЭЦҚ одан әрі орнату және пайдалану үшін NCALayer бағдарламалық қамтылымын орнату қажет.
Құрметті пайдаланушылар!
1) Оператормен диалог дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Демалыс: жексенбі және ҚРЗ сәйкес мереке күндері.
2) Қашықтан сәйкестендіру сәтсіз болған жағдайда, сіздің құжатыңыз растау/модерацияға жіберіледі. Операторлармен тексеру жіберілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Егер сіз бұрын электрондық цифрлық қолтаңбаны алған болсаңыз, онда жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін сілтеме бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының жеке кабинетте жаңа кілтті қайта шығаруға болады.
* Жеке тұлғалар үшін қадамдық нұсқаулық * (жүктеу)
*Заңды тұлғалар үшін қадамдық нұсқаулық * (жүктеу)
Қызмет көрсету нәтижесі
Электрондық форматтағы ЭЦҚ кілттері.