Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Бақылау-касса машинасын мемлекеттік тізілімге енгізу туралы салықтық өтініш
- Бақылау-касса машинасы моделінің эталондық үлгісі.
- Дайындаушы зауыттың паспортыЮ
- Дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасы.
- Қағаз және электрондық тасымалдағыштағы бақылау-касса машинасын пайдалану жөніндегі нұсқаулық.
- Фискалды режим орнату, бақылау-касса машинасын қайта тіркеу, фискалдық есептерді, кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есепті (Х-есеп) алу, сондай-ақ бақылау чегінде басып шығару үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 166-бабында көзделген ақпаратты енгізу кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші лауазымды адамының іс-қимылын егжей-тегжейлі сипаттап көрсететін қағаз және электронды тасымалдағыштағы көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамына арналған нұсқаулық.
- Дайындаушы зауыттың немесе оның заңды өкілінің бақылау-касса машинасы моделіне техникалық қолдау көрсету бойынша кепілдік міндеттемесі немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі.
- Дайындаушы зауыттың құжаттамасында көрсетілген бақылау-касса машинасы моделінің техникалық сипаттамасының Қағидаларға қосымшаға сәйкес уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша негізгі техникалық талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер.
- Бақылау-касса машинасы моделінің сәйкестік сертификатының немесе бақылау-касса машинасы моделінің белгіленген техникалық талаптарына сәйкестігін растайтын басқа құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.
Егер бақылау-касса машинасының моделі фискалдық тіркеуші болып табылса, салықтық өтінішке қосымша фискалдық тіркеушіні дербес компьютерге қосу үшін электронды тасымалдағыштағы бағдарламалық қамтамасыз ету қоса беріледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешім.