Зейнеткерлікке берілетін мемлекеттік кепілдіктер мәртебесін eGov.kz арқылы тексеру мүмкін болды Баспаға шығару нұсқасы
2018 жылғы 16 қараша16.11.18., «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Көрсетілген алушыға мемлекеттік кепілдіктерді төлеуді тағайындау және жүзеге асыру фактісі туралы мәлімет алу» сервисінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.
Енді зейнетақы жасындағы әрбір азаматтың үйден шықпай, мемлекеттік кепілдік төлемін алуға құқығы бар екенін тексеруге мүмкіндігі бар.
Егер сервис мемлекеттік мемлекеттік кепілдікті төлеуге оң нәтиже беретін болса, онда азамат өтініш беру үшін жақын маңдағы "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ фронт-кеңсесіне жүгінуі қажет.
Осы қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталында тіркелу қажет екенін еске саламыз.
Қызметтің нәтижесімен "қызметтерді алу тарихы" бөлімінде танысуға болады.
Мемлекеттік кепілдік бұл зейнетақы жасына жеткен кезде зейнетақы шотының табыстылығына инфляция деңгейін өтеу болады. Ол жинақталған қаражат сомасы инфляция деңгейінен төмен болған жағдайда ғана тағайындалады.
Анықтама: егер азамат бұрын осы төлем бойынша жүгінген болса немесе бұл төлемді алуына құқығы болмаса, ақпарат осы электрондық сервис арқылы беріледі.